Жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 18 қазан N 483-ө

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары

Г.Г.Штойкпен 1996 жылғы 9 қазандағы жұмыс бабында жүргiзiлген келiссөз
барысында Жапонияның Эксимбанкi қойған мәселелердi шешу және оларды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Ә.М. Қажыгелдинмен
Қазақстан Республикасы Үкiмет делегациясының Жапонияға сапары
кезiнде донор-елдерiнiң Консультативтiк Кеңесiнiң ресми мәжiлiсiне
талқылауға әзiрлеу мақсатында мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:

     Шүкеев Ө.Е.     - Қазақстан Республикасының Экономика министрi,
                       топ жетекшiсi

     Iзтiлеуов Б.I.  - Қазақстан Эксимбанкi басқармасының төрағасы

     Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi
                       басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                       төрағасы

     Мұртазаев М.А.  - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және
                       сауда министрiнiң мiндетiн атқарушы

     Оспанов Х.А.    - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
                       сауда министрiнiң орынбасары

     2. Жұмыс тобына:


      1996 жылдың 17 қазанына дейiнгi мерзiмде "Иточу Корпорейшн" компаниясы мен "Испат-Кармет" АҚ-на "Қарағанды металлургия комбинатында кокс газын тазарту цехын салу" жобасын одан әрi жүзеге асыру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қабылдаған шешiмдерi туралы ақпарат жолдау;
      1996 жылдың 21 қазанына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Иточу Корпорейшн" фирмасының арасындағы "қарағанды металлургия комбинатында кокс газын тазарту цехын салу" жобасы бойынша TOKMS-426 контрактiге қосымшаны, "Иточу Корпорейшн" фирмасы 10,072 млрд. жапон иенi сомасындағы берген жабдықтарға төлем жасау жөнiндегi мiндеттемесiн көздей отырып, қол қоюға дайындау;
      1996 жылдың 21 қазанына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Испат-Кармет" АҚ (немесе "Испат-Интернейшнл") арасындағы "Иточу Корпорейшн" фирмасының құны 10,072 млрд. жапон иенi тұратын жабдықтар беру негiзiнде кокс газын тазарту жөнiндегi бiр технологиялық желi ғимаратына жасалған

контрактiнi қол қоюға дайындау;
     1996 жылдың 21 қазанына дейiнгi мерзiмде Павлодар қаласындағы
"Химпром" АҚ дамыту стратегиясы және контрактiнi жүзеге асыру
кезеңiндегi кәсiпорынның болашақ мәртебесi жөнiндегi Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң Меморандумын (Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң ресми хатын) әзiрлеп, Жапония Эксимбанкiне беру
тапсырылсын.

     Премьер-Министрдiң
        орынбасары 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады