Қарағанды металлургия комбинатында кокс-химия өндiрiсiн жетiлдiру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 26 қазан N 491-ө
1. Қарағанды металлургия комбинатында кокс газын тазалау цехын (бiр желiнi) салу жобасы жөнiндегi ТОКМS-426 контрактiсiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiгiне мемлекеттiң қатысуымен жүзеге асыруды аяқтасын.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне оған тиiстi сертификат бере отырып жобаны жүзеге асыруды аяқтауға уәкiлеттiк берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi осы жобаға қызмет көрсету жөнiндегi агенттiк функциясын орындаушы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қарағанды металлургия комбинатында кокс газын тазалау цехының бiр желiсiн салу жобасын жүзеге асыру үшiн Жапонияның Эксимбанкi мен Фуджи банкi берген 10072 миллион жапон иенi сомасындағы кредит бойынша Үкiмет кепiлдiгiн растасын.
5. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi ТОКМS-426-ның "Иточу Корпорейшн" компаниясымен кокс газын тазарту цехының бiр желiсi үшiн 10072 миллион жапон иенi сомасына жабдықтар беруге жасасқан контрактiсiнiң қосымшасына 1996 жылы қол қойсын.
6. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi ТОКМS-426-ның "Испат-Кармет" акционерлiк қоғамымен ТОКМS-426 контрактiсiне қосымша бойынша жабдықтар беру негiзiнде кокс газын тазарту цехының бiр желiсiн салуға жасасқан контрактiсiнiң қосымшасына қол қоюмен бiр мезгiлде 1996 жылы қол қойсын.
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi ТОКМS-426 контрактiсiнiң қосымшасына сәйкес Жапонияның Эксимбанкiмен кредиттiк келiсiмге өзгерiстерге 1996 жылы қол қойсын.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне штаттағы 3 (үш) адамға жалақы төлеу үшiн қосымша қор бөлсiн.
9. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi аппарат құрылымында контрактiнi жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн үш адамнан арнаулы топ құрсын.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз