Аудиторлық ұйымдардың қорытындыларының дұрыстығын тексеру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 8 қараша N 507-ө
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесiп 1997 жылдың 1 маусымына дейiн аудиторлық ұйымдарының аталған заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметi жөнiндегi қорытындыларының дұрыстығын тексерудi ұйымдастырсын;
аудиторлық қорытындының дұрыс еместiгi анықталған жағдайда аудиторлық ұйымдарға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, тiптi лицензияларды қайтарып алуға дейiн шара қолдансын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Мемлекеттiк салық комитетi Қазақстан Республикасының Үкiметiне iстелген жұмыс туралы 1997 жылдың 1 шiлдесiне дейiн ақпарат ұсынсын.
4. Шетелдiк және шетелдiң қатысуындағы заңды тұлғалардан өздерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау талап етiлсiн.
5. Осы өкiм белгiленген тәртiппен жариялануға жатады.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз