Қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 25 қараша N 530-ө

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан Қарашөңгел мемлекеттiк аң аулау шаруашылығында Түрген өзенiнде болған табиғи зiлзаланың зардаптарын жоюға арнап Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң Шаруашылық басқармасына төтенше жағдайларды қаржыландыру үшiн 1,5 млн. теңге бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 5 маусымдағы N 262 өкiмi 1-тармағының үшiншi абзацындағы "10,0 (он) миллион теңге" деген сөздер "4,286 млн. теңге (төрт миллион екi жүз сексен алты мың теңге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 24 шiлдедегi N 354 өкiмiнiң екiншi және үшiншi абзацтары мынадай редакцияда берiлсiн;
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан төтенше жағдайларды қаржыландыру үшiн 165 (жүз алпыс бес) млн. теңге, оның iшiнде:
      Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы үшiн Курчатов қаласындағы және Алатау поселкесiндегi реакторлық қондырғыларды техникалық және физикалық қорғауды күшейтуге және ядролық объектiлердi халықаралық талаптарға сай келетiн инженерлiк-техникалық құралдармен жабдықтауға арнап 123 (жүз жиырма үш) млн. теңге бөлiнсiн".

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады