Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 26 қараша N 534-ө
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау мемлекеттiк қорының Республикалық ведомствоаралық кеңесiне алдағы малды қыстатуды дайындау мен өткiзу жөнiндегi шұғыл шараларды жүзеге асыру үшiн аталған аудандардың шаруашылықтарына өтеусiз 10 (он) млн. теңгеден бөлу мәселесiн қарау ұсынылсын.
2. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпарациясы Кеген ауданының шаруашылықтарына мемлекеттiк ресурстардан 1-ге 1,1 есебiмен 1997 жылдың астығынан қарызға қайтаратын етiп 2 мың тонна жаздық дәндi дақылдар тұқымын бөлсiн.
Дәндi дақылдар қарызы бойынша борышы бар Кеген және Райымбек аудандарының әкiмдерi оны 1997 жылғы 1 желтоқсанда қайтаруды қамтамасыз етсiн.
3. Алматы облысының әкiмi малды қыстатуды қамтамасыз ету туралы қосымша шаралар қабылдасын, қысқы мерзiмде ауыл мектептерiнiң, ауруханаларының және басқа да әлеуметтiк-мәдени тұрмыстық объектiлердiң жұмыс iстеуiне ерекше көңiл бөлсiн, халықты азық-түлiкпен және күнделiктi қажеттi тауарлармен қамтамасыз етудi бақылауға алсын.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз