Жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 4 желтоқсан N 547

      1. Газ саласындағы кәсiпорындарды жекешелендiру жөнiндегi

ағымдағы мәселелердi шешу, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 
1996 жылғы 5 қарашадағы N 505 өкiмiмен құрылған Жекешелендiру жөнiндегi 
ведомствоаралық комиссияның қарауы үшiн ұсыныстарды талдау және әзiрлеу 
мақсатында мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:

     Шоқпытов А.М.         - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                             мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                             комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары
     Раханов М.С.          - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру
                             жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
                             төрағасының бiрiншi орынбасары
     Гуляев В.А.           - Қазақстан Республикасы Экология және
                             биоресурстар министрiнiң орынбасары
     Кирко В.В.            - Қазақстан Республикасы Қаржы
                             министрлiгiнiң бөлiм бастығы
     Лобаев А.С.           - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
                             өнеркәсiбi министрiнiң орынбасары
     Нупов В.Ш.            - "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг
                             компаниясының вице-президентi
                             (келiсiм бойынша)
     Попандопуло Е.Н.      - Қазақстан Республикасының Баға және
                             монополияға қарсы саясат жөнiндегi
                             мемлекеттiк комитетiнiң басқарма бастығы
     Сармұрзина Р.Г.       - Қазақстан Республикасы Экономика
                             министрлiгiнiң бас басқармасы
                             бастығының мiндетiн атқарушы
     Анаева К.О.           - Қазақстан Республикасы Әдiлет
                             министрiнiң консультанты
     Алшынбаев А.М.        - "Қазкоммерцбанк" ААҚ басқармасы
                             төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)
     Пелетье Н.            - "Париба" банкi жобасының жетекшiсi
                             (келiсiм бойынша)
     Джон Фоулли           - "Прайс Уотерхауз" фирмасының өкiлi
                             (келiсiм бойынша)
     Джефри Хейз           - "Паппер Хамильтон" фирмасының өкiлi
                             (келiсiм бойынша)


      2. Жұмыс тобы 1996 жылдың 26 қарашасына дейiнгi мерзiмде "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының және "Алаугаз" акционерлiк қоғамының газтасымалдау жүйесi объектiлерiн беру жөнiнде тендер ұйымдастыру және тендерлiк шарттарды дайындау жөнiндегi материалдарды Жекешелендiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынсын.
      3. Жекешелендiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия мүлiктiк жалға берiлетiн негiзгi активтердiң нақты тiзбесiн айқындасын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 17 қыркүйектегi N 1126 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының газ саласындағы мүлiктi жекешелендiру жөнiндегi шаралар жоспарының мерзiмiнде орындалуын қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады