Шаралар жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 561

      1. 1996 жылғы 5 қарашадағы кәсiпорындар мен кәсiподақтар өкiлдерiнiң республикалық кеңесiнде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақтан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк

комитеттерi, өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдары
өздерiне бекiтiлiп берiлген шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз
етсiн.
     3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Үкiметi Аппаратының Аумақтық даму, Қаржы және әлеуметтiк реформалар
бөлiмдерiне жүктелсiн.

     Премьер-Министр
                                  Қазақстан Республикасы
                                    Премьер-Министрiнiң
                                  1996 жылғы 12 желтоқсандағы
                                     N 561 өкiмiмен
                                        бекiтiлген

        1996 жылғы 5 қарашада кәсiпорындар мен кәсiподақтар
        өкiлдерiнiң республикалық кеңесiнде айтылған ұсыныстарды
                   жүзеге асыру жөнiндегi шаралар
                              ЖОСПАРЫ
___________________________________________________________________
 N |             Шаралар                |Орындалу    |Олар бойынша
р/с|                                    | мерзiмi    |қабылданатын
   |                                    |            |шаралар
___________________________________________________________________
 1 |                  2                 |      3     |     4
___________________________________________________________________
1   Кәсiпорындардан жергiлiктi бюджет     1997 жыл     Есеп
    балансына берiлетiн әлеуметтiк
    активтердi аяқтау туралы мәселелер

2   Мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң     -"-          Бұл да сол
    барлық нысандары мен бағыттары
    бойынша жекешелендiру үдерiсiн
    аяқтау туралы мәселелер

3   Экономиканың маңызды салаларындағы    1997 жылдың  Бұл да сол
    шамасыз мемлекеттiк кәсiпорындарды    I тоқсаны
    реформалау туралы мәселелер

4   Мемлекеттен зейнеткерлiк кепiлдеме    1997 жылдың  Ұсыныс
    сақтайтын және мемлекеттiк емес       II тоқсаны
    зейнеткерлiк қамтамасыз етудi
    дамытатын, зейнеткерлiк жүйенi
    реформалау мәселелерi

5   1997 жылға арналған Халықты еңбекпен  1997 жылдың  Бағдарлама,
    қамту бағдарламасының жобасын әзiрлеу  қаңтары     Үкiмет қаулысы

6   Сенiмдi басқаруға берiлетiн           1997 жыл     Ақпарат
    кәсiпорындарда орын алған оң
    жетiстiктердi насихаттау және
    түсiндiру жөнiнде жүйелi жұмыстарды
    жүргiзу

7   Еңбекке орналастыруды қаржыландыру    1997 жылдың  Ұсыныс
    жөнiндегi бағыттардың өзгеруiн        I тоқсаны
    ескере отырып елде еңбек биржасын
    ұйымдастыру жөнiнде ұсыныс енгiзу

8   Олардың мекенiн анықтай отырып        1997 жылдың  Бұл да сол
    мемлекет есебiнен                     IV тоқсаны
    материалдық-тұрмыстық жеңiлдiктер
    мен өтемдер берiлетiн қызмет
    iстейтiн жүйелердi тәртiпке келтiру
    туралы ұсыныстар

9   Өндiрiсте бақытсыз жағдайға және      1997 жылдың  Бұл да сол
    кәсiптiк ауруға ұшыраған              I тоқсаны
    қызметкерлерге шығынды өтеу
    мәселелерi жөнiндегi заң және өзге
    нормалық актiлердi жетiлдiру жөнiнде
    ұсыныс енгiзу

10  Экономика және сауда министрлiгiнiң    ай сайын   Есеп
    Ұлттық статистика агенттiгi,           
    Қазақстан Республикасының Еңбек                     
    және халықты әлеуметтiк қорғау
    министрлiгi халықтың кiрiсiнiң 
    толық шеңберi жөнiндегi ақпарат
    (есеп) ұсынсын
<*>


11  Қазақстан Республикасының салық       1997 жылғы   Ұсыныс
    жүйесiн зерттеу жөнiндегi саланы      I тоқсан
    оқу орындарының бағдарламаларын
    енгiзу туралы ұсыныс енгiзу

_______________________________________________________________
     Орындауға жауаптылар         |  Бақылауға жауаптылар
_______________________________________________________________
               5                  |             6
________________________________________________________________
Меммүлiккомы, Экономминi,           Қаржы және әлеуметтiк
облыстардың және Алматы қаласының   реформалар бөлiмi, Аумақтық
әкiмдерi                            даму бөлiмi

Меммүлiккомы, Жекешелендiрукомы     Кәсiпорындардың реформалар
                                    бөлiмi

Өнеркәсiпсаудаминi, Экономминi,     Кәсiпорындардың реформалар
Ауылшарминi, Меммүлiккомы,          бөлiмi, Аграрлық сектордағы
Жекешелендiрукомы                   реформалар бөлiмi

Еңбек және әлеуметминi, Қаржыминi,  Қаржы және әлеуметтiк
Экономминi                          реформалар бөлiмi

Еңбек және әлеуметминi, Экономминi  Бұл да сол

Баспасөз және бұқаралық ақпарат     Премьер-Министрдiң Баспасөз
iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi,  қызметi, Кәсiпорындардың
Өнеркәсiпсаудаминi, Меммүлiккомы    реформалар бөлiмi

Еңбек және әлеуметминi, Қаржыминi,  Қаржы және әлеуметтiк
Экономминi                          реформалар бөлiмi

Бұл да сол                          Қаржы және әлеуметтiк
                                    реформалар бөлiмi,
                                    Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмi

Еңбек және әлеуметминi, Қаржыминi,  Қаржы және әлеуметтiк
Экономминi, Өнеркәсiпсаудаминi,     реформалар бөлiмi,
Денсаулықминi, Әдiлетминi           Кәсiпорындардың реформалар
                                    бөлiмi, Әлеуметтiк мәдени
                                    даму бөлiмi, Қорғаныс және
                                    құқық тәртiбi бөлiмi

Экономика және саудаминi,Еңбек      Үкiмет шешiмдерiн әзiрлеудi 
және әлеуметминi                     үйлестiру бөлiмi
<*>


Бiлiмминi, Ғылымминi, Ғылым         Әлеуметтiк-мәдени  даму
академиясы, Қаржыминi, Экономминi,  бөлiмi, Қаржы және
Мемлекеттiк салық комитетi          әлеуметтiк реформалар бөлiмi

     ЕСКЕРТУ. 10-жол жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.04.15.
              N 101 өкiмiмен.  

R970101_

 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады