Төтенше жағдайларды қаржыландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 18 желтоқсан N 575

      1. Қарағанды облысының әкiмiне Қарағанды қаласындағы тұрғын үйде газ жарылысы зардаптарын жою үшiн төтенше жағдайларды қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан 11,33 млн. (он бiр миллион үш жүз отыз мың) теңге одан:
      зардап шеккендер үшiн пәтер сатып алуға - 7,12 млн. теңге;
      зардап шеккендердiң айрылған мүліктерiн қалпына келтiру үшiн материалдық көмек көрсетуге - 4,21 млн. теңге бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 80 өкiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: "200,0 (екi жүз) млн. теңге" деген сөздер "188,67 млн. (жүз сексен сегiз миллион алты жүз жетпiс мың) теңге"; "120 (жүз жиырма) млн. теңге" деген сөздер "108,67 млн. (жүз сегiз миллион алты жүз жетпiс мың) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Қарағанды облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне 1996 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстардың көлемi мен құны туралы мәлiмдейтiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы үшiн бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады