1. Бақылау-өткiзу пунктi құрылысының және оны техникалық жарақтандырудың жобалары жөнiндегi ведомствоаралық тендерлiк комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Ведомствоаралық комиссия:
БӨП құрылысының және оны техникалық жарақтандырудың жобаларына тендер ұйымдастыру туралы ереже әзiрлесiн және оны бекiтсiн;
БӨП құрылысының және оны техникалық жарақтандыру жобаларына арналған тендерлiк тапсырма дайындасын;
БӨП құрылысының және оны техникалық жарақтандырудың жобасын таңдау
жөнiнде тендер өткiзсiн және тендердiң нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне хабарласын. 3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi: бiр апта мерзiм iшiнде ведомствоаралық комиссияға БӨП құрылысының және оны техникалық жарақтандырудың жобасына бастапқы талаптар жөнiнде ақпарат ұсынсын; тендердiң нәтижелерiн жариялағаннан кейiн бiр апта мерзiм iшiнде тендердiң жеңiмпазымен БӨП құрылысының және оны техникалық жарақтандырудың жобасына контракт жасасатын болсын. Премьер-Министр Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 желтоқсандағы N 583 өкiмiне қосымша БӨП құрылысының және оны техникалық жарақтандырудың жобалары жөнiндегi ведомствоаралық тендерлiк комиссияның ҚҰРАМЫ Байжасаров Б.З. - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң орынбасары, төраға Нарызбаев Н.Е. - Қазақстан Республикасының Кеден комитетi Төрағасының орынбасары, тең төраға Менжулин Б.И. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары Жүсiпбаев А.А. - Қазақстан Республикасының экономика министрлiгi Құрылымдық және инвестициялық саясат бас басқармасының бастығы Акуев М.И. - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi МАИ қалалық басқармасының бөлiм бастығы Күленов Б.К. - Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң Кеден органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы бастығының мiндетiн атқарушы Өмiрзақов А.Ө. - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi бөлiмiнiң бас инспекторы Кособрюхов В.И. - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Алматы арнаулы жобалау институты фирмасының директоры Шорабеков А.К. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң бөлiм бастығы, хатшы