Қаражатты республикалық бюджетке қайтару туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 31 желтоқсан N 591
1. Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi шетел банкi берген шоттар негiзiнде "Алемсистем" қаржы-инвестициялық компаниясы үшiн жалпы сомасы 400 095 (төрт жүз мың тоқсан бес) АҚШ доллары болған мерзiмi өткен төлемдердi, сондай-ақ есептелген айыппұл сомаларын 1996 жылға арналған республикалық бюджетте "Сыртқы экономикалық қызмет" бөлiмi бойынша көзделген қаражат есебiнен төлейтiн болсын.
2. Alem Bank Kazakstan алынған қаражатты республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету бойынша барлық қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз