1997 жылғы мал қыстату кезеңiнде электр энергиясымен және жанар-жағар материалдармен үздiксiз қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 29 қаңтардағы N 14

      Көкшетау облысының борыштарының құрылымын өзгерту және селолық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi 1997 жылғы мал қыстату кезеңiнде электр энергиясымен және жанар-жағар материалдармен үздiксiз қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Көкшетау облысының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң астық несиесi бойынша 32,6 мың тонна мөлшерiндегi берешегiн қайтару мерзiмi 1997 жылға ұзартылсын.
      2. Көкшетау облысының әкiмi ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi, астық қабылдау кәсiпорындары, энергетика және мұнай өнiмдерi ұйымдары мен Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының облыстық өкiлдiгi арасындағы төртжақты шарттың негiзiнде облыс шаруашылықтарының осы корпорацияның астығын 1996 жылы пайдаланылған электр энергиясына бара-бар мөлшерде 42,2 млн. теңге және пайдаланылған жағар-жанар материалдар үшiн 237,1 млн. теңге сомасындағы өз берешектерiн Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi мен Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң ұйымдарына өтеу есебiне өткiзудi ұйымдастырсын.
      Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi және Ауыл шаруашылығы министрлiгi Көкшетау облысының әкiмiне осы жұмысты жүзеге асыруға қажеттi көмек көрсетсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады