Шаралар жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 3 ақпандағы N 20


     "Тұрғын үй құрылысын дамыту жөнiндегi қосымша шаралар туралы"
Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасына берiлiп
отырған Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 31
желтоқсандағы N И-566 тапсырмасын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар
жоспары бекiтiлсiн.

     Премьер-Министр

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                            1997 жылғы 3 ақпандағы
                                                N 20 өкiмiмен
                                                  бекiтiлген

        "Тұрғын үй құрылысын дамыту жөнiндегi қосымша шаралар
        туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының
        жобасына Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996
        жылғы 31 желтоқсандағы N И-566 тапсырмасын жүзеге асыру
                          жөнiндегi шаралар
                              ЖОСПАРЫ

___________________________________________________________________
 N |                 Шара                   | Орындалу мерзiмi
р/с|                                        |
___________________________________________________________________
1  |                    2                   |          3
___________________________________________________________________
1   Республиканың әлеуметтiк-экономикалық       тұрақты түрде
    саясаты үшiн тұрғын үй құрылысының
    басымдық мәселесiн орындауды назарда
    ұстау

2   Пилотты жобаларды жүзеге асырушы            1997 жылғы 15 ақпан
    облыстарда тұрғын үй құрылысын
    қаржыландыру және оған несие беру тетiгi
    бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
    келiсiлген қаулысының жобасын белгiленген
    тәртiппен әзiрлеу және енгiзу

3   1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы   1997 жылғы
    Мемлекеттiк тұрғын үй займының              31 желтоқсан
    облигацияларын шығаруды және
    орналастыруды қамтамасыз ету жөнiндегi
    шараларды пысықтау

4   Тұрғын үй құрылысы үшiн тiкелей             тұрақты түрде
    инвестициялар мен халықаралық қаржы
    ұйымдарының қаражатын тарту жөнiнде
    шаралар қолдану

    Республикада тұрғын үй құрылысын            1997 жылғы
    қаржыландыру және оған несие беру            15 наурыз
    тетiктерiн қалыптастыру үшiн басқа
    көздердi пайдалану жөнiнде Қазақстан
    Республикасының Үкiметiне ұсыныстар
    енгiзу

5   Жаңа аумақтарға кешендi құрылыс салу,       1997 жылғы
    қазiргi заманғы техникаларды пайдалану      30 қаңтар
    және тұрғын үйдiң бiр бөлiгiн құрылыстың
    өзiндiк құнынан төмен баға бойынша
    халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын
    жiгiне сату жөнiндегi мiндеттемелерiн
    сақтау шарттарымен мемлекеттiк уәкiлеттi
    органмен жасасқан шарттар негiзiнде
    тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру мен
    қаржыландыруды жүзеге асырушы
    инвесторларға салықтық жеңiлдiктер берудi;
    жеке (отбасылық) тұруға арналған
    тұрғын үй құрылысына пайдаланған қаражат
    бөлiгiнде жеке тұлғаларды табысқа
    салынатын салықтан босатуды көздейтiн
    "Салық және бюджетке төленетiн басқа да
    мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан
    Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы
    24 сәуiрдегi N 2236 Заң күшi бар
    Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар
    енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы
    Заңының жобасын әзiрлеу және Қазақстан
    Республикасының Үкiметiне енгiзу

6   "Лизинг (қаржылық жалдау) туралы"           1997 жылғы
    Қазақстан Республикасы Заңының жобасын      30 қаңтар
    әзiрлеу және Қазақстан Республикасының
    Үкiметiне енгiзу

7   Тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру мен         1997 жылғы
    қаржыландыруды жүзеге асырушы               15 наурыз
    инвесторлардың жаңа аумақтарға кешендi
    құрылыс салуына арналған конкурстар
    өткiзу тәртiбiн әзiрлеу және Қазақстан
    Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзу

8   Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында тұрғын үй      1997 жылғы
    құрылысының аяқталмаған объектiлерiн        15 сәуiр
    ашық саудаластықтарда сатуға шаралар
    қолдану және қамтамасыз ету

________________________________________________________________
     Орындауға жауаптылар           |Бақылау жасауға жауаптылар
________________________________________________________________
                 4                  |           5
________________________________________________________________
 Экономминi, Қаржыминi, Құрылысминi    Кәсiпорындарды реформалау,
                                       Қаржы және әлеуметтiк рефор.
                                       малар бөлiмдерi

 Экономминi, Қаржыминi, Құрылысминi,   Бұл да сол
 Ұлттықбанк (келiсiм бойынша)

 Қаржыминi, Экономминi, Бағалы         Қаржы және әлеуметтiк
 қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия,   реформалар, Кәсiпорындарды
 Құрылысминi, Ұлттықбанк (келiсiм      реформалау бөлiмдерi
 бойынша), Тұрғынқұрылысбанкi

 Меминвесткомы, Қаржыминi,             Бұл да сол
 Экономминi, Сыртқы қарыз алу
 жөнiндегi комитет, Құрылысминi,
 Ұлттықбанк (келiсiм бойынша)

 Қаржыминi, Экономминi, Құрылысминi    Бұл да сол

 Қаржыминi, Мемлекеттiк салық          Бұл да сол
 комитетi, Экономминi, Әдiлетминi,
 Құрылысминi

 Ұлттықбанк (келiсiм бойынша),         Қаржы және әлеуметтiк
 Қаржыминi, Бухесеп жөнiндегi ұлттық   реформалар бөлiмi,
 комиссия, Экономминi, Әдiлетминi

 Құрылысминi                           Кәсiпорындарды реформалау
                                       бөлiмi

 Облыстар мен Алматы қаласының         Кәсiпорындарды реформалау
 әкiмдерi                              бөлiмi, Аумақтық даму бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады