Жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 25 ақпандағы N 42


     "Бридас" (Аргентина) компаниясының "Қазақгаз" МХК мен "Алаугаз"
АҚ газ тасымалы жүйелерiн мүлiктiк жалдау жөнiндегi ұсынысын
нақтылау және талдау, мүлiктiк жалдауға жасасылатын контрактiнiң
жобасы мен Сервистiк контракттiң жобасын әзiрлеу мақсатында:
     1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:

     Қалмырзаев С.С.         - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                               мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                               комитетiнiң төрағасы, жетекшi
     Жандосов О.Ә.           - Қазақстан Республикасы Ұлттық
                               Банкiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
     Шүкеев Ө.Е.             - Қазақстан Республикасының Экономика
                               министрi
     Есенбаев М.Т.           - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                               салық комитетiнiң төрағасы
     Марченко Г.А.           - Қазақстан Республикасының Бағалы
                               қағаздар жөнiндегi ұлттық
                               комиссиясының төрағасы (келiсiм
                               бойынша)
     Саламатов М.Ғ.          - Қазақстан Республикасының Мұнай
                               және газ өнеркәсiбi министрiнiң
                               бiрiншi орынбасары
     Оспанов Х.А.            - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп
                               және сауда министрi
     Утепов Э.К.             - Қазақстан Республикасының
                               Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк
                               комитетiнiң төрағасы
     Колпаков К.А.           - Қазақстан Республикасының
                               Әдiлет министрi

     2. "Қазақгаз" МХК мен "Алаугаз" АҚ газ тасымалы жүйелерiн
мүлiктiк жалдауға беру жөнiндегi жұмыс тобының қоса берiлiп отырған
жұмыс жоспары бекiтiлсiн.

     Премьер-Министр
                                 Қазақстан Республикасы
                                  Премьер-Министрiнiң
                                 1997 жылғы 25 ақпандағы
                                    N 42 өкiмiне
                                       қосымша

         "Қазақгаз" МХК мен "Алаугаз" АҚ газ тасымалы жүйелерiн
     мүлiктiк жалдауға беру жөнiндегi жұмыс тобының жұмыс жоспарын
___________________________________________________________________
 N |     Талқылауға жататын негiзгi            |  Мерзiмi
р/с|            мәселелер                      |
___________________________________________________________________

        БIРIНШI КЕЗЕҢ (даярлық)
1   "Бридастың" тендерлiк ұсынысын және          1997 жылғы 24 ақпан
    консультанттар әзiрлеген құжаттарды
    жұмыс тобының мүшелерiне тапсыру

2   Жұмыс тобының мүшелерi мен "Бридас"          1997 жылғы 25 ақпан
    компаниясына мынадай арналы газ
    құбырлары құрылысы жөнiнде ТЭН жолдау:
    "Красный Октябрь - Ақмола"
    "Ақсай - Ақтөбе"
    Қытайға

3   Жұмыс тобы мүшелерiнiң "Бридастың"           1997 жылғы
    тендерлiк ұсыныстарына, консультанттар       27-28 қаңтар
    әзiрлеген құжаттар мен газ құбырлары
    құрылысы ТЭН-iн талдау

4   Газ құбырлары құрылысы мәселелерi            1997 жылғы 28 ақпан
    жөнiнде ұсыныстар жасау

5   Мүлiктiк жалдауға қатысты мына               1997 жылғы 3 наурыз
    мәселелердi талқылау және айқындау
    құқықтық баға және сараптама роялти
    төлеу әдiстерi есептiлiк мүлiктiк
    жалдауды бақылаушы орган

6   Мүлiктiк жалдауға контрактiнiң жобасын,      1997 жылғы 3 наурыз
    контрактiнiң негiзгi жағдайларын әзiрлеу:
    бонусты төлеу
    роялти
    таза пайданы бөлiсу
    "Бридастың" инвестициясы,
    оның iшiнде:
    арналы газ құбырының қазiргi бар
    жүйелерiне
    айналма газ құбырының құрылысы (Қырғызстан)
    компанияның қызметiне есеп беру және
    бақылау жасау

7   Мыналарды қоса алғанда басқа мәселелер:      1997 жылғы 4 наурыз
    "Қазақгаз" МХК ("Батыстрансгаз") және
    "Алаугаз" АҚ берешегi компанияның
    жарғылық қоры келiссөздер кезiнде күшi
    жойылатын мүлiктiк жалдау туралы
    контарктiлер

    ЕКIНШI КЕЗЕҢ (мүлiктiк жалдауға контракт
    және келiссөздер)

8   Мүлiктiк жалдауға жасасылған контрактiнiң    1997 жылғы 18 наурыз
    жобасын тапсыру

9   Жұмыс тобы мүшелерiнiң контракт жобасын      1997 жылғы
    талдауы                                      18-20 наурыз

10  Мүлiктiк жалдауға жасалатын контрактiнiң     1997 жылғы
    жобасы бойынша баға беру және жұмыс          21-23 наурыз
    тобы мүшелерiнiң iлеспе ұсыныстары

11  Мүлiктiк жалдауға жасасылған контракт        1997 жылғы
    жөнiндегi келiссөздер                        24 наурыз-22 сәуiр

12  Сервистiк контракт жобасын тапсыру           1997 жылғы 28 наурыз

13  Сервистiк контракт жобасын жұмыс тобы        1997 жылғы
    мүшелерiнiң талдауы және баға беруi          29-30 наурыз

14  Сервистiк контрактiнiң жобасы жөнiнде        1997 жылғы 31 наурыз
    жұмыс тобының бағасы және iлеспе
    ұсыныстар

15  Сервистiк контракт жөнiндегi келiссөздер     1997 жылғы
                                                 1-22 сәуiр

16  Мүлiктiк жалға контрактiге және Сервистiк    1997 жылғы
    контрактiге қол қою жөнiндегi түпкiлiктi     23 сәуiр
    ұсыныстарды әзiрлеу және енгiзу

     Ескертпелер:


      1. Мүлiктiк жалдауға жасасылатын контрактiге "Бридас" компаниясы мен Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе олардың өкiлеттi органдары арасында қол қойылады.
      2. Сервистiк контрактiге "Бридас" компаниясы мен "Қазақгаз" МХК және "Алаугаз" АҚ арасында қол қойылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады