1997 жылдың 28 қаңтарына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес ақпарат тапсырсын. 2. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн. Премьер-Министр Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 26 ақпандағы N 44 өкiмiне қосымша Қазақстан Республикасының ақпарат тапсыруға жауапты мемлекеттiк құрылымдарынан талап етiлетiн ақпараттар тiзбесi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi 1. 1996 жылдың статистикалық бюллетенi
2. Ағымдағы резерв, инфляциялық және проценттiк ставкалар, ақша массасы, валюта айырбастау ставкасы жөнiндегi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 қаңтардағы ағымдағы есебi бойынша мәлiметтер жөнiндегi ақпараттар.
3. Елiмiз бойынша банктердi жабу, банктердi бiрiктiру, банктер саны фактiлерiн қоса алғанда, банктiк қадағалау саласындағы жағдайлар, 1996 жылғы басшылық құрамындағы өзгерiстер.
4. 1997 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi және коммерциялық банктердiң төлем баланстары. 5. 1996 жылғы несиелер туралы мәлiметтер. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1. 1996 жылы IЖӨ нақты өсуi және тұтасымен алғанда болашаққа және экономика секторлары бойынша болжам. 2. 1996 жылы экономика секторы бойынша шығарылған тiкелей шетелдiк инвестициялар туралы ақпарат. 3. Қаржыландыру көздерiн қоса алғанда, мемлекеттiк инвестициялық бағдарламаға шолу. 4. 1996 жылғы импорт пен экспорттың құрылымы. 5. 1996 жылғы экономикадағы жеке меншiк кәсiпорындардың үлесi. 6. 1996 жылғы өзара төлем жасамау проблемалары жағдайлары. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi 1. Тасымалдау, жобаны аяқтау көзделген мерзiмдер жөнiндегi келiсiмдi қоса, КТК жобасы бойынша өзгерiстер. 2. Өзге де экспорттық кестелер (мұнай своптары және басқалар). 3. 1997 жылы мұнай және газ өндiру мен экспортына болжам. 4. Кен орындарын игеру жөнiндегi жаңа келiсiмдер. 5. 1996 жылы гидрокарбонаттарды iшкi бөлу Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi 1. 1996 жылғы негiзгi кен орындарын игеру және минералдар экспорты мен 1997 жылға болжау жасау мәлiметтерi туралы. 2. Кен орындарын игеру және өндiру жөнiндегi жаңа келiсiмдер. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1. 1996 жылдың қарашасынан бергi кезеңдегi жекешелендiру нәтижелерi. 2. 1996 жылғы жекешелендiруден бюджетке түскен түсiм.
3. Жекешелендiрiлген неғұрлым маңызды объектiлер мен неғұрлым
iрi стратегиялық кәсiпорындарды ескере отырып басқару жөнiнде жасасылған контрактiлер. 4. Жекешелендiрудiң жаңа әдiстерi. 5. 1996 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлген немесе қайта ұйымдастырылған неғұрлым маңызды кәсiпорындардың тiзбесi. 6. Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" Заңының жаңа редакциясы тұрғысынан банкроттық мәселелерiндегi жағдай. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1. 1996 жылғы бюджеттiң атқарылуы. 2. 1997 жылдың бюджетi, тапшылықты қаржыландыру көздерi. 3. 1996-1997 жылдардың мемлекеттiк қарыз көрсеткiштерi. 4. 1997 жылдың 1 қаңтарындағы бюджеттiк берешектерге шолу. 5. Бюджеттен тыс қорларға қатысты өзгерiстер. 6. Шығыстарды оңтайландыру.