"Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының таратылуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61

      Каспий құбыр желiсi консорциумында, сондай-ақ "Қазтүрiкмұнай", "Қарақұдықмұнай" бiрлескен кәсiпорындарында, "Дунга" кен орнын игеру жөнiндегi "Оман Ойл Компани" компаниясымен контрактiде және басқа жобаларда қаржылық және өзге де халықаралық мiндеттемелерi бар "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының таратылуымен байланысты:
      1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп, ағымдағы жылдың 20 сәуiрiне дейiн мерзiмде таратылатын "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының орнына Каспий құбыр желiсi консорциумында, сондай-ақ "Қазтүрiкмұнай", "Қарақұдықмұнай" бiрлескен кәсiпорындарында, "Оман Ойл Компани" компаниясымен контрактiде қатысушыны айқындасын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң комиссиясы "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының мөрiн Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне қайтарсын, персоналдарының есеп айырысуын және халықаралық мiндеттемелер бойынша түскен қаржыларды республика бюджетiне жiберудi қамтамасыз етсiн.
      Таратылатын "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының есеп айырысу шоты бойынша бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қазынашылығына жүктелсiн.
      3. Тарату комиссиясы "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының қаржылық аудитi, оның дебиторлық және кредиторлық берешегiн өтеу, еңбек келiсiмдерiн реттеу жөнiндегi жұмысты жалғастырсын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады