Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн реформалау тұжырымдамасының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 4 наурыздағы N 62

      Зейнетақы жүйесiн реформалау тұжырымдамасын және орта мерзiмдi қаржы саясатын қалыптастыру жөнiндегi мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың жұмысын үйлестiру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Ұлттық Банкпен (келiсiм бойынша) және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен бiрлесiп 1997 жылдың 15 наурызға дейiн мерзiмде экономикалық негiздемесiмен Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн реформалау тұжырымдамасының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп:
      1997 жылғы 1 мамырға дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн реформалау тұжырымдамасының жобасын ескере отырып, 1998 жылдың 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған Қазақстан Республикасының орта мерзiмдi қаржы саясатын әзiрлеу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
      Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн реформалау тұжырымдамасының жобасын ескере отырып, 1998 жылдан 2005 жылға дейiн кезеңге арналған Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының басымдықтарын қайта қарасын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Экономика министрлiгiмен, Ұлттық банкпен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, "1997 жылға арналған республика бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 59-1 Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қаржы министрлiгiмен, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен және Ұлттық Банкпен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, зейнетақы жүйесiн реформалауға қолдау көрсету мүмкiндiгi туралы халықаралық қаржы ұйымдарымен келiссөздер жүргiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Экономика министрлiгiмен, Ұлттық Банкпен (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен бiрлесiп, 1997 жылғы 1 мамырға дейiн мерзiмде халықаралық капитал рыноктарында борыштық мiндеттемелер шығару мүмкiндiгi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар әзiрлесiн және енгiзсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады