Қазақстан Республикасына инвестицияларды iрi ауқымда тарту және оларды кепiлдiкпен қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 12 наурыздағы N 66

      "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасына инвестицияларды iрi ауқымда тарту және оларды кепiлдiкпен қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi департамент:
      бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне республикалық және коммуналдық меншiктердiң, сондай-ақ мемлекеттiк акциялар пакетi сатуға берiлмеген акционерлiк қоғамдардың тiзбесiн тапсырсын;
      шетел инвестицияларын тарту мақсатында кепiлдiк қорын құру үшiн кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың тiзбесiн бекiтсiн және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен контрактiлер жасау бойынша оларды кепiлдiкпен қамтамасыз етудi ресiмдеу рәсiмдерiн жүзеге асырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi кепiлдiк қорды құруға қажеттi кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың тiзбесiн iрiктеу мен қалыптастыруды жүзеге асырсын.
      3. Кепiлдiк қорға енгiзiлген кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдарды жекешелендiру туралы шешiм Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсiмi бойынша қабылданады деп белгiленсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады