Ізгiлiк көмегiн көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 19 мамырдағы N 148

      1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Иран Ислам Республикасының 1997 жылғы 10 мамырдағы апаты жер сiлкiнiсiнiң зардабынан зиян шеккен Хорасан провинциясы халқына 1 сортты 195 тонна ұн беру түрiнде iзгiлiк көмегiн көрсету туралы ұсынысы қабылдансын. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамымен бiрлесiп үш күн мерзiмде мемлекеттiк материалдық резервтен 1 сортты 195 тонна ұнды темiр жол вагондарына тиеп, жөнелтуге әзiрлесiн. 
      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына үш вагон берудi, Семей қаласынан темiр жол бойымен iзгiлiк жүгiн жөнелтудi және Өзбекстан Республикасы мен Түркменстан Республикасы арқылы Иран Ислам Республикасының Мешхед қаласына жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн. 
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан төтенше жағдайлар мен шараларды, оның iшiнде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса қаржыландыру үшiн: 
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi - мемлекеттiк астық резервiн толтыруға байланысты шығыстарды өтеуге 4,3 (төрт миллион үш жүз мың) млн, теңге; 
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi - Иран Ислам Республикасының Хорасан провинциясының халқына iзгiлiк көмек түрiндегi ұнды тасымалдауға байланысты шығыстарды өтеуге 530 (бес жүз отыз) мың теңге бөлсiн. 
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жоғарыда аталған мақсаттарға бөлiнген қаражаттан артық қосымша шығыстар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi ұсыныс енгiзсiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi аталған iзгiлiк көмегi жүгiн Иран Ислам Республикасында күтiп алуды және оны мақсаты бойынша табыс етудi ұйымдастырсын. 
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қаржы бақылау комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсiн. 

 
      Премьер-Министр 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады