Қаржы бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 24 маусымдағы N 192

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға арналған резервтiк қорынан 1997 жылғы қаңтарда өрт нәтижесiнде залал шеккен Алматы қаласы, Әуезов көшесi, 82 мекен-жайда орналасқан әкiмшiлiк үйiнiң қызметтiк үй-жайлары мен шатырын жөндеу және қалпына келтiру жөнiндегi берешектi өтеуге 6 (алты) млн. теңге бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi:
      бөлiнген қаражаттың зиян келтiруге кiнәлi адамдарды белгiленген тәртiппен материалдық жауапкершiлiкке тарту есебiнен республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етсiн;
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне 1997 жылдың қорытындысы бойынша орындалған жұмыстардың көлемi, құны және республикалық бюджетке қайтарылған қаражаттың мөлшерi туралы есеп тапсырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi бөлiнген қаражаттардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады