Тұрғын үй-коммуналдық саланы реформалауды жеделдету

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 24 маусымдағы N 193

      Тұрғын үй-коммуналдық саланы реформалауды жеделдету, сондай-ақ жергiлiктi жерлердегi тұрғын үй-коммуналдық салада жүргiзiлiп жатқан жұмыстардың ағымдағы жай-күйiне талдау жасау мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде коммуналдық саладағы монополист кәсiпорындардың қолданып жүрген тарифтерiне, сондай-ақ жылуды, ыстық және суық суды, газды пайдаланудың қолданылып жүрген нормаларының негiздiлiгiне кешендi тексеру жүргiзсiн, сөйтiп оларды қондырылған есептеу құралдарының көрсеткiштерiне сәйкестендiрсiн.
      2. Қосымшаға сәйкес коммуналдық саладағы монополист кәсiпорындардың қолданып жүрген тарифтерiне, сондай-ақ жылуды, ыстық және суық суды, газды пайдаланудың қолданылып жүрген нормаларының негiздiлiгiне тексеру жүргiзу үшiн облыстарға шығатын жұмыс топтарының құрамы бекiтiлсiн.
      3. Жұмыс топтарының жетекшiлерiне жергiлiктi жерлерде тексерулер жүргiзу үшiн олардың құрамына министрлiктердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерiн қосымша енгiзу құқығы берiлсiн.
      4. Жұмыс топтарының жетекшiлерi:
      өкiмдер аппараттарының тұрғын үй-коммуналдық салада реформалар жүргiзуге қатысты 1996-1997 жылдағы қызметiн талдасын;
      "Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Үкiметтiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 P970889_ қаулысының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1997 жылғы 30 мамырдағы N 159 R970159_ өкiмiнiң жүзеге асырылу барысын талдасын;
      коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынудың жаңа нормаларын енгiзу бойынша кешiгулер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiне қорытындылау және Үкiметке тиiстi ұсыныс енгiзу үшiн нақты ұсыныстар енгiзсiн.
      5. Тексеру нәтижелерi бойынша тиiстi материалдарды 1997 жылдың 5

шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасының Экономика және сауда
министрлiгiне тапсырсын.
     6. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi
тексеру нәтижелерiн қорытындыласын және 1997 жылдың 10 шiлдесiне
Үкiметке тапсырсын.

     Премьер-Министр

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Премьер-Министрiнiң
                                       1997 жылғы 24 маусымдағы
                                       N 193 өкiмiне
                                       қосымша

     Коммуналдық саладағы монополист кәсiпорындарға, сондай-ақ
жылуды, ыстық және суық суды, газды пайдаланудың қолданылып жүрген
нормаларының негiздiлiгiне тексеру жүргiзу үшiн облыстарға шығатын
жұмыс топтарының құрамы

     Ақмола              - Экономсаудаминi департаментi директорының
     Хамзин К.Ғ.           орынбасары, жетекшi

     Ақтөбе              - Экономсаудаминi департаментi директорының
     Нұрабаева А.К.        орынбасары, жетекшi


     Алматы              - Экономсаудаминi департаментi директорының
     Фун-со Н.З.           орынбасары, жетекшi


     Алматы қаласы       - Экономсаудаминi агенттiгi басқармасының
     Бәймiшев К.К.         бастығы, жетекшi


     Атырау              - Экономсаудаминi департаментi директорының
     Баженова С.А.         орынбасары, жетекшi


     Шығыс Қазақстан     -  Экономсаудаминi департаментiнiң директоры,
     Квятковская Т.Г.       жетекшi

     Жұмағұлов М.Б.      - Премьер-Министр Кеңсесiнiң Аймақтардың
                           жұмысын үйлестiру бөлiмiнiң бас
                           инспекторы

     Жамбыл              - Экономсаудаминi агенттiгi басқармасының
     Бекмұхамбетов С.К.    бастығы, жетекшi


     Батыс Қазақстан     - Экономсаудаминi агенттiгiнiң бөлiм
     Крикуненко А.И.       бастығы, жетекшi


     Қарағанды           - Экономика және сауда вице-министрi,
     Радостовец Н.В.       жетекшi

     Дмитриев О.В.       - Премьер-Министр Кеңсесiнiң Аймақтардың
                           жұмысын үйлестiру бөлiмiнiң бас
                           инспекторы

     Қостанай
     Попандопуло Е.Н.    - Экономсаудаминi департаментiнiң директоры,
                           жетекшi
     Тегниряднова У.Г.   - Премьер-Министр Кеңсесiнiң Үкiмет
                           шешiмдерiн әзiрлеудi үйлестiру бөлiмiнiң
                           консультанты

     Қызылорда
     Григорьев В.Ф.      - Экономсаудаминi агенттiгiнiң бөлiм
                           бастығы, жетекшi

     Маңғыстау           - Экономсаудаминi департаментiнiң бөлiм
     Андриенко Н.Н.        бастығы, жетекшi


     Павлодар            - Экономсаудаминi департаментiнiң бөлiм
     Федосенко Н.Ф.        бастығы, жетекшi


     Солтүстiк Қазақстан - Экономсаудаминi департаментiнiң бөлiм
     Тильга А.К.           бастығы, жетекшi


     Оңтүстiк Қазақстан  - Экономсаудаминi департаментiнiң
     Құрманғалиев С.Ш.     директоры, жетекшi

     Ыбрайымжанұлы Р.    - Премьер-Министр Кеңсесiнiң Аймақтардың
                           жұмысын үйлестiру бөлiмiнiң бас
                           инспекторы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады