"Суперфосфат заводы" АҚ мен "Қазмырыш" ААҚ жұмыстарын тұрақтандыру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 24 маусымдағы N 194
1. "Суперфосфат заводы" АҚ-на "Қазмырыш" ААҚ-нан технологиялық қажетке шарттық негiзде айына 25 мың тоннаға дейiн мөлшерде күкiрт қышқылын қабылдау ұсынылсын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп он күн мерзiмде белгiленген тәртiппен өнеркәсiп кәсiпорындарының күкiрт қышқылын өнiмдi өндiрушiлер мен тұтынушылардың вагондарында тасымалдау кезiнде жеңiлдiктi тарифтердi қолдану жөнiнде шешiм қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының балансындағы күкiрт қышқылы цистерналарын "Қазмырыш" ААҚ беру туралы мәселенi қарасын.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi "МАЭК" мемлекеттiк кәсiпорнының "Суперфосфат заводы" АҚ айына 2,3 мың тонна көлемде аммиак беруiн қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi күкiрт қышқылын қабылдау мен ұқсатуды және аммиактың берiлуiн үйлестiру мен бақылау мақсатында қызметiн "Қазмырыш" ААҚ мен "Суперфосфат заводы" АҚ-ның өз қаражаттарының есебiнен қаржыландыру туралы ұсынысы қабылданып, жұмыс тобын құрсын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi он күн мерзiм iшiнде "IBE TRADE Corp" компаниясының басқарушысымен "Химпром" АҚ аммиак қоймасын жалдау шартын жасау туралы мәселенi қарасын.
7. Осы өкiмнiң жүзеге асырылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Ө.Е.Шүкеевке жүктелсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз