2. Эксперименттiң I кезеңiн өткiзуге байланысты 2 (екi) млн. теңге сомасындағы шығыстар 1997 жылдың республикалық бюджетiнде Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң жастар саясаты жөнiндегi шараларын жүргiзуге көзделген қаражаттың есебiнен
жүргiзiлетiндiгi ескерiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi эксперименттiң I кезеңiнiң қорытындылары бойынша тәжiрибенi одан әрi жүргiзу мен оны қаржыландырудың көздерi туралы ұсыныс енгiзсiн. Премьер-Министр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1997 жылғы 3 шiлдедегi N 210 өкiмiне қосымша Әскерге шақырылатын және шақырылу жасындағы жастардың дене және жүйке-психикалық жай-күйiн динамикалық бақылау мен зерттеудi ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi эксперимент БАҒДАРЛАМАСЫ I КЕЗЕҢ КIРIСПЕ
Эксперименттiң бағдарламасын Ақмола қаласында "Тамыр" ғылыми-зерттеу орталығының авторлар ұжымы "Жалпы әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет" туралы Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi қызметке әскер қатарына шақырылатын және шақырылу жасындағы жастардың дайындығын жақсарту мақсатында әзiрледi.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң резервiн қалыптастыру проблемасының орын алуы мен өзектiлiгi Қарулы Күштер қызметiнiң мерзiмi қысқартылуы жағдайында шақырылушы контингенттiң дайындығының әртүрлi қырларына күннен-күнге неғұрлым қатаң талаптар қойылуда, ал сонымен бiр мезгiлде жалпы бiлiм беру және кәсiптiк мектептердегi осы заманғы бағдарламаларда әскерге шақырылатын және шақырылу жасындағы жастардың денсаулығының жай-күйiне, дене, функционалдық және психологиялық дайындықтарына армияның ұдайы өсiп отырған талаптары ескерiлмейдi.
Эксперименттi өткiзу қажеттiгi соңғы бес жылда Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерiндегi қызметке жастарды дайындау жүйесiнде қалыптасқан жағдайдан туындады. Ақмола облысында жүргiзiлген зерттеулер әскери-дәрiгерлiк комиссиялар әскерге шақырылғандардың арасында әскери қызметке жарамсыз деп танылған жастар санының тұрақты өсiмiн тiркедi. Егер, 1992 жылы шақырылушылардың 20% әскери қызметтен босатылуы туралы анықтама алса, 1993 жылы - 30%. Шақырылушылардың денсаулығын сауықтыру процентi 1993 жылы 40,9-ға тең болса, 1994 жылы 36-ға жеткен. Бұл тенденция кейiнгi үш жылда да сақталды. Ақмола облысындағы шақырылушылардың денсаулығы жай-күйiнiң өзгерiсi процентпен ___________________________________________________________________ N | Шақыру комиссиясының | 1993 | 1994 |1995 | қорытындысы |_______|_______|______ | | | жыл | ___________________________________________________________________ 1. Саптағы қызметке әзiр 78 69,3 68,3 2. Емделу үшiн кейiнге қалдырылғандар 5,3 8,9 13,7 3. Бейбiт уақытта да әскери қызметке жарамсыздар 16 20,7 16,9 4. Әскери есептен алынатын әскери қызметке жарамсыздар 0,7 1,1 1,1
Жалпы алғанда, республикада жыл сайын диспансерлiк бақылауда тұратын аурушаң жасөспiрiмдер санының өскенi, сауықтырылған жастардың процентiнiң және жасөспiрiмдер мен жастарға арналып өткiзiлетiн емдеу-сауықтыру шаралары деңгейiнiң төмендегенi байқалады.
Iстiң мұндай жағдайы мынадай бiрқатар факторлармен:
тиiстi тәрбие жұмысының ғылыми-әдiстемелiк базасы мен оны жүргiзуге жауапты адамдарды айқындайтын нормативтiк құжаттардың бiрқатар жылдар бойы жасалмауынан;
нысаналы бағытталған ғылыми-әдiстемелiк әдiстеменiң, дене тәрбиесi мұғалiмдерi, класс жетекшiлерiнiң iс-қимылдарын үйлестiрудiң жоқтығынан;
осы жұмыстың жай-күйiн талдау мен бағалаудың талап етiлмеуiнен;
шақырылушылар мен шақырылатындарды дайындау, соның iшiнде дене дайындығында отбасы, мектеп және жұртшылық қызметiнде бiрыңғай жүйенiң жоқтығынан туындауда.
Күнi бүгiн оған бала бақша - мектеп - армия буындарындағы емдеу және дене тәрбиесi-сауықтыру жұмысында жалғастылық iзiнiң жоқтығы қосылды. Осындай қызметтiң бiрыңғай республикалық бағдарламалық-нормативтiк негiзi де жоқ.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бағдарламада жасөспiрiмдер мен жастардың организмiне сыртқы ортаның түрлi факторларының әсер етуiне байланысты олардың физикалық және нерв-жүйке жай-күйiн динамикалық бақылауды ұйымдастыру мен жүргiзу және зерттеу жөнiндегi негiзгi бағыттар мен ұсыныстар бар.
2. Бағыттар мен ұсыныстар дегенiмiз - зерттеу объектiлерiн iрiктеу жөнiндегi ережелердiң, әдiстердiң, рәсiмдердiң және тәсiлдердiң жиынтығын, ақпаратты жинау мен жиынтықтауды, деректердi өңдеу мен талдауды, нәтижелерге баға берудi және осының негiзiнде зерттеушiлердiң дамуын жақсарту жөнiнде ұсыныстар берудi, олардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды бiлдiредi.
3. Бағдарлама:
әртүрлi факторлардың әсер етуiмен зерттеушiлердiң физикалық, функционалдық деңгейiнiң өзгерiсi мен нерв-жүйке дамуын динамикалық бақылау мен нақтылы бағалаудың тиiмдi жүйесiн құруды;
зерттеушiлердiң физикалық, функционалдық және нерв-жүйке даму
деңгейiнiң қоршаған орта факторларына тәуелдiлiгiн және сауықтыру шараларының тиiмдiлiгiн зерттеу мен талдау; емдеудiң қолданыста бар тиiмдiлiгiн арттыруды және сауықтыру шараларының жаңа әдiстемелерiн әзiрлеудi; жасөспiрiмдер мен жастардың денсаулығын қорғаудың және нығайтудың автоматтандырылған компьютерлiк жүйесiн құруды көздейдi. II. Зерттеу объектiсi 4. Зерттеу объектiсiнiң сипаттамасы. Осы зерттеулердiң объектiсi "орта - жасөспiрiмдер мен жастар" жүйесi ретiнде қаралады. Осы зерттеулердiң моделi объектiде мынадай элементтердiң болуын көздейдi: орта (экологиялық, әлеуметтiк, психологиялық, гигиеналық факторлар, оқуды немесе еңбектi ұйымдастыру процесi, дене тәрбиесi, салауатты өмiр салтын насихаттау); жасөспiрiмдер мен жастар (әлеуметтiк-биологиялық мәртебесi, физикалық, функционалдық және нерв-жүйке дамуы). 5. Жас ерекшелiктерiне қарай топтарды қалыптастыру. Зерттеу жас ерекшелiктерi төмендегiдей топтарда жүргiзiледi: 15-16 жас, 17-18 жас. Жас ерекшелiктерi бөлек әрбiр топтың саны кем дегенде 50 адам болуға тиiс. 6. Объектiнi сипаттайтын көрсеткiштер.
Зерттеушiлердiң физикалық жай-күйiнiң деңгейiн (денсаулығының деңгейiн) сипаттау үшiн дәстүрлi медициналық бақылаудың (диспансерлеудiң деректерiн пайдалану көзделедi, олар мыналар: физикалық дамуының негiзгi белгiлерi, функционалдық жай-күйi (функционалдық сынақтың белгiлерiн қоса алғанда), дене дайындығы және оны бағалау.
Зерттеушiлердiң нерв-жүйке денсаулығының жай-күйi жас ерекшелiгiне қарай нерв-жүйке дамуы және неврологиялық дисфункциясының көрсеткiшi бойынша бағаланады.
III. Деректердi талдау және бағалау
7. Деректердi талдаудың мақсаты мен мiндеттерi.
Талдаудың мақсаты - ақпаратты өңдеудi аяқтау және қолайсыз факторлардың ықпалын жұмсарту, медициналық қызмет көрсетудi, оқу мен еңбек процесiн жақсарту, дене тәрбиесiн жетiлдiру және зерттелудегi құрамның денсаулығын сақтау мен нығайту жөнiндегi өзге де шаралар бойынша ұсыныстары бар құжаттар беру.
8. Деректердi автоматтандыру (компьютерлендiру) жолымен өңдеу.
Деректердi автоматтандырылған жолмен өңдеу процесi соматометриялық белгiлерi, жасөспiрiмдердiң дамуы және орта факторларының көрсеткiштерi туралы деректерi бар файлдарды қалыптастыру. Осындай жолмен тұжырымдалған файлдар:
дене функционалдық және нерв-жүйке дамуын бағалау схемасының негiзiнде (диагноз қоюға қарағанда денсаулықтың жай-күйi туралы анағұрлым кең түсiнiк беретiн "денсаулық паспорты") жасөспiрiмдер мен жастардың дене жай-күйiнiң жас ерекшелiгi сипаттамасын жасау;
бiртектi және әртектi топтарда (факторлардың әсер етуiн анықтау мақсатында) зерттелген жылдары бойынша дене функционалдық және нерв-жүйке дамуын салыстырмалы бағалауды дайындау;
әрбiр зерттелушi үшiн денсаулығын сақтау мен нығайту жөнiнде
жеке кеңестер беру үшiн пайдаланылады. IV. Ұсыныстар әзiрлеу 9. Ұсыныстар әзiрлеу процесiнде ұсыныстар кешенi жасалады және мақұлдаудан өтедi, оларды енгiзу зерттеушiлердiң организмiне сыртқы орта факторларының қолайсыз ықпалын барынша жұмсартуға, олардың денсаулығын мақсатты түрде қалыптастыруға, сақтауға және нығайтуға мүмкiндiк беруге тиiс. Аталған кешенге: тұрмыс жағдайын жақсарту (әлеуметтiк сала); медициналық қызмет көрсетудi жақсарту; дене қозғалысы белсендiлiгiн қалыпқа түсiру (қолайлы режим); суық тиюден болатын ауруларға төзiмдiлiктi арттыру (шынығу); тамақтану режимiн ұтымды ету және тепе-теңдiктi сақтау; дене дамуын жақсарту; нерв-жүйке және рухани дамуды жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар енедi. 10. Кеңестердiң негiзiнде жасөспiрiмдер мен жастар үшiн сауықтыру шараларының кешендi жүйесiн құру ұсынылады. 11. Алынған деректердi талдау мен бағалау зерттеушiнiң дене жай-күйiнiң деңгейiн бағалауға және денсаулықты сақтау мен нығайту жөнiнде ғылыми негiзделген жеке кеңестер беруге мүмкiндiк беретiндей бұрынғы бар компьютерлердi жетiлдiруге және жаңа компьютерлiк технология құруға мүмкiндiк бередi. V. Бағдарламаның негiзгi бөлiмдерi 1. Дәрiгерлiк бақылау Мынаны әзiрлеу көзделедi: әскер қатарына шақырылушылар мен әскер қатарына шақырылғандардың дене жай-күйi деңгейiнiң бастапқы, ағымдағы және қорытынды бақылауы үшiн ақпараттық және ақиқат аппаратсыз тестердiң тiзбесi;
жасөспiрiмдердiң педиатр-дәрiгерлерi мен әскери-дәрiгерлiк комиссия үшiн автоматтандырылған бақылау жүйесiн жасау.
2. Дене тәрбиесi
Мыналар көзделiп отыр:
оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру мен жаттығу тапсырмаларын жоспарлаудың осы заманғы әдiстемелерiнде әскери-спорттық және қозғалмалы ойындарды, марш-жарыстарды, жорықтарды, табиғи және жасанды тосқауылдардан өтудi (iлеспе жаттығу), спорттың ұлттық түрлерi мен халық ойындарын ескерiп, осы әдiстемелердi жасау;
кiнәратсыз өмiр салты, күн режимi, жеке бастың гигиенасы мен тамақтану гигиенасы, организмдi шынықтырудың принциптерi мен әдiстемелерi туралы лекциялар курсын әзiрлеу; жасөспiрiмдер мен бозбалалардың дене шынықтыру әзiрлiгiне педагогикалық бақылау жасау нысандары мен әдiстерiн және баға беру жүйесiн айқындау. 3. Психологиялық әзiрлiк Психологиялық әзiрлiк: жасөспiрiмдер мен бозбалалардың жеке басының қасиеттерiн сынақтан өткiзудi;
сананың көңiл-күй және реттеушiлiк жақтарын дамытуды;
себеп-салдарларды қалыптастыруды; әлеуметтiк-психологиялық бейiмдеудi қалыптастыруды; қадiр-қасиет бағдарларының бағыты мен психологиялық мазмұнын қалыптастыруды; психологиялық үйлестiру әдiстемелерiн; жеке бастың сипаттамаларын тәрбиелеудi қамтиды. 4. Әскери-патриоттық тәрбие Қазақстан халықтарының тарихи мысалдары мен дәстүрлерiнде қазақстандық патриотизмдi тәрбиелеу; жергiлiктi материалды пайдалану; әскерге шақырылатындар мен шақырылушылардың ата-аналарымен жұмыс iстеу; моральдық-адамгершiлiк тәрбие беру жөнiндегi әдiстемелердi жасау. 5. Құқықтық тәрбие Қазақстан Республикасының Конституциясы мен әскери қызмет туралы заңдарын, әскери антты, әскери жарғылар мен тәлiмдемелердi оқып-үйрену жөнiнде тақырыптық сабақтар жасау. VI. Қорытынды 12. Ұсынылып отырған тәжiрибе бағдарламасы мыналарға мүмкiндiк бередi:
1) 15 жастан бастап жасөспiрiмдердiң (аудандық аурухана немесе әскери-дәрiгерлiк комиссия деңгейiнде) денсаулық жағдайын қарапайым аспаптардың көмегiнсiз, бiрақ ақпараттық және нақтылы әдiстi (тест арқылы) қолдану жолымен алғашқы тексерудi және тұрақты бақылауды ұйымдастыра отырып, кейiннен автоматтандырылған өңдеу негiзiнде деректердi бiр орталыққа жинау;
2) түрлi әскер түрлерiне қойылатын талаптарды ескере отырып, әскерге шақырылатын және шақырылуға дейiнгi жастағы жастарды даярлау жүйелерiн жетiлдiру және жаңғырту;
3) организмнiң күш-қуат және дұрыс жұмыс iстеу жағынан даярлығының ғылыми негiзделген нормативтерi негiзiнде әскерге шақырылғанға дейiнгi жастарды, дене тәрбиесi бағдарламаларын ғылыми-әзiрлеу;
4) организмнiң түрлi факторларға төзiмдiлiгiнiң зиянды болуы мүмкiн және зиянды деңгейлерiн дер кезiнде анықтауға мүмкiндiк беретiн жедел-тестердi және арнайы оңалту шараларын әзiрлеу;
5) әскерге шақырылғандармен және әскери қызметшiлермен жұмыс жүргiзудi психологиялық жағынан қамтамасыз етедi, ал қажет болған жағдайда жекелей үйлестiрулер жасап отыруды ұйымдастыру.
Әскерге шақырылғандардың, әскери қызмет жағдайында оның мiнез-құлқын сенiмдi басқаруға мүмкiндiк беретiн жеке мiнездемелерiн жасау;
6) мектептегi қоғамдық пәндер курстарына республикалық заңдардың азаматтардың әскери мiндетiне қатысты бөлiктерiн оқып-үйрену, жақсы әскери дәстүрлер негiзiнде қазақстандық патриотизмдердi тәрбиелеу жөнiнде арнайы сабақтар енгiзудi ескере отырып оларға түзетулер енгiзу.