Оқу жаттығулар өткiзу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 10 қыркүйектегi N 301
Аталған оқу-жаттығуларын табысты өткiзу үшiн, сондай-ақ өткiзiлетiн шаралардың халықаралық саяси және әскери мәнiн, және оқу-жаттығуларына қатысу үшiн өз аумағына достас мемлекеттердiң әскери құрамаларын шақырған бiздiң мемлекетiмiздiң ерiк-жiгерiн ескере отырып:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi көп ұлтты күштердiң әскери құрамымен бiрге немесе бөлек келген және оқу-жаттығуларын әзiрлеу мен өткiзу үшiн пайдаланатын қару-жарақты, әскери техниканы, мүлiктер мен материалдарды, басқа да заттарды Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өту кезiнде кедендiк ресiмдеуден (кеден төлемдерiн алусыз және лицензиясыз, оңайлатылған тәртiппен транзит режимiнде) өткiзудi қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң ұсынуымен оқу-жаттығуларына қатысушыларға және шақырылған ерекше маңызды адамдарға консулдық алымдарды алмай визаларды ресiмдеу жүргiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi оқу-жаттығулары бiрiншi кезеңiнiң шараларын өткiзу орындарында қоғамдық тәртiптi және көп ұлтты күштердiң әскери техника колоннасының оқу-жаттығу мiндеттерiн орындау кезiнде кедергiсiз жүруiн қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз