Тыңшылық (детективтiк) және күзет қызметiмен байланысты қызмет көрсететiн мемлекеттiк емес құрылымдарға жәрдем көрсету жөнiндегi iс-шаралар туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 11 қыркүйектегi N 303. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.01.16. N 14 өкімімен. ~R980014
Жоғарыда айтылғандарға байланысты және "Бәсекелестiктi дамыту және монополиялық шектеу туралы" Қазақ ССР Заңына және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, күзет қызметi саласында бәсекелестiктi дамыту, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қосымша жағдайлар жасау мақсатында:
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
тыңшылық (детектив) және күзет қызметiмен байланысты қызмет көрсететiн мемлекеттiк емес субъектiлердiң тапсырыстары бойынша оларға күзет қызметiн жүргiзуге, қызметтiк-штаттық қарулар, жеке қорғану және жедел қорғаныс құралдарын алуға және пайдалануға заңда белгiленген тәртiпте кедергiсiз қажеттi лицензиялар, патенттер мен рұқсаттар берсiн;
жоғарыда аталған субъектiлерге өз штаттарына есептеу үшiн оларға тиiстi куәлiктер берумен, күзетшiлердi даярлау және оқыту iсiнде әдiстемелiк көмек көрсетсiн;
тыңшылық (детектив) және күзет қызметiмен байланысты қызмет көрсететiн мемлекеттiк емес субъектiлердiң лицензиялық ережелер мен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын сақтауларына тиiстi бақылауды қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз