Айыппұл сомасын төлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 318

      Қазақстан Республикасының шетелдiк кредиторлар алдындағы мiндеттемелерiн орындау және дефолт фактiлерiне жол бермеу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 4 маусымдағы N ф-22-1-6/18, 1993 жылғы 4 маусымдағы N ф-22-1-6/19 мемлекеттiк кепiлдемелерге және Әлембанкi (бұрынғы Казвнешэкономбанк) ұсынған, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Австрия Федералды Қаржы министрлiгi арасындағы 1994 жылғы 19 желтоқсандағы Келiсiмге өзгерiстерге сәйкес шетелдiк банктердiң шоттарының негiзiнде, дәрменсiз қарыз алушылар үшiн алда төленуi тиiс төлемдердi қосымшаға сәйкес, сондай-ақ 1997 жылға арналған республикалық бюджетте "Несиелеу минус өтеу" тарауы бойынша көзделген қаражаттың шегiнде төлем жасау күнiне бағамдық айырмашылықтың өзгеруiн ескере отырып есептелген айыппұл сомасын төлесiн.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi

алынған сомалардың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету
жөнiндегi барлық шараларды қабылдасын.
     3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.

     Премьер-Министр

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Премьер-Министрiнiң
                                       1997 жылғы 21 қыркүйектегi
                                       N 318 өкiмiне қосымша

                   Шетел несиелерiн өтеу жөнiндегi
                   төленуi тиiстi төлемдер сомасы
___________________________________________________________________
Қарыз алушы ұйым    | Төлем  | Төлем  |      оның iшiнде           |
                    |валютасы| сомасы |____________________________|
                    |        |        |негiзгi  |проценттер|басқа. |
                    |        |        |борыш    |          |лары   |
____________________|________|________|_________|__________|_______|

Герман несие жүйесi

"Ауылшармаш" АҚ      немiс
                     маркасы 772966,89 675818,05  97148,84     -

"Ауылшармаш" АҚ      немiс
                     маркасы 510476,21 446318,00  64158,21     -

Австрия несие жүйесi

"Фосфор" АҚ          АҚШ
                     доллары  79000,00     -      50454,70 28545,30
___________________________________________________________________
Барлығы:   немiс маркасы  1283443,10 1122136,05  161307,05    -
           АҚШ доллары      79000,00      -       50454,70 28545,30
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады