Б.Н.Ельцин мен Н.Ә.Назарбаевтың Бiрлескен мәлiмдемесiн iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1998 жылғы 4 ақпандағы N 32

      Ресей Федерациясының Президентi Б.Н.Ельцин мен Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Бiрлескен мәлiмдемесiн iске асыру мақсатында:
      1. Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясымен, Сыртқы iстер министрлiгiмен, Әдiлет министрлiгiмен, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен, Қорғаныс министрлiгiмен, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен, Экология және табиғи ресурстар министрлiгiмен, Қызылорда облысының әкiмiмен бiрлесiп үстiмiздегi жылдың 8 ақпанына дейiн мерзiмде "Байқоңыр" кешенiне байланысты проблемаларды қарасын және ұсыныс енгiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi, "Қазақойл" ҰМК, Казгеодезия үстiмiздегi жылдың 8 ақпанына дейiн мерзiмде Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi туралы конвенцияның жобасын пысықтасын және енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi "Қазақойл" ҰМК-ның, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң қатысуымен үстiмiздегi жылдың 8 ақпанына дейiн мерзiмде мұнайды Батыс Қазақстандағы кен орындарынан дүниежүзiлiк рыноктарға тасымалдауға арналған мұнай құбырларының құрылысын жандандыру және пайдалануға қосу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      4. Сыртқы iстер министрлiгi, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiк, Қаржы министрлiгi, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi, Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi, Экология және табиғи ресурстар министрлiгi, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi, Ұлттық Банк (келiсiм бойынша), Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша), "Барлау" қызметi (келiсiм бойынша), "Қазақойл" ҰМК Ресей Федерациясының Президентi Б.Н.Ельциннiң Қазақстан Республикасына ресми сапарына дайындалуға кiрiссiн. Белгiленген тәртiппен Ресей тарабымен келiсiлген тиiстi құжаттарды қол қою үшiн енгiзсiн.
      5. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Ж.С.Кәрiбжановқа жүктелсiн.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады