"Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлығын орындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1998 жылғы 6 мамырдағы N 77

      "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 U983928_ Жарлығын орындау үшiн:
      1998 жылдың 20 мамырына дейiн:
      1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi:
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлығының 5-тармағының 1, 2-тармақшаларын орындау жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп:
      Мемлекеттiк органдардың кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiне қызмет көрсетуiнiң рәсiмдерi туралы ереженi;
      Мемлекеттiк органдардың қызмет көрсеткенi үшiн ақының мөлшерi, оларды көрсетуге арналған шығындардың негiзiнде айқындалатындай етiп, мұндай ақыны белгiлеу туралы ереженi;
      Алымдардың, аударымдардың және төлемдердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiмдемесi туралы ереженi әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi сертификатталатын тауарлардың тiзбесiн қысқарту жөнiнде және өнiмдердi сертификаттаудан технологиялық процестердiң сапасын сертификаттауға көшу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi, Қаржы министрлiгi, Әдiлет министрлiгi және Қазақстан Республикасының Шағын бизнеске қолдау көрсету жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзу үшiн:
      саны он адамға дейiнгi жеке кәсiпкерлер мен шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi салық органдарын, сондай-ақ қозғалған қылмыстық iстер бойынша прокуратура органдары санкцияландырған тексерулердi қоспағанда, мемлекеттiк бақылаушы органдардың тексеруiне жатпайтындығын;
      лицензиялауға жататын кәсiпкерлiк қызметтердiң түрлерiн, атап айтқанда:
      автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды, туристiк қызметтi қоғамдық тамақтандыруды, май құю станцияларын ұстауды және пайдалануды және басқаларын қысқартуды;
      мемлекеттiк органдардың кәсiпкерлiк қызметтiң тексерiлетiн субъектiлерiмен шарттық қатынастарын тоқтатуды;
      лицензияны беру сәтiндегi бiр жолғы лицензиялық алымды төлеу арқылы кәсiпкерлiк қызметтiң тиiстi түрiмен айналысудың бүкiл кезеңiне лицензиялар берудi;
      мемлекеттiк органдар лауазымды тұлғаларының мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыруды мемлекеттiк емес ұйымдарға, оның iшiнде қоғамдық бiрлестiктерге бергенi үшiн заң алдындағы жауаптылығын көздейтiн заңдардың жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң ақпараттандырылуын қамтамасыз ету үшiн бұқаралық ақпарат құралдарында бақылау функциялары мен тиiстi лицензиялар мен рұқсаттар беру құқығына ие мемлекеттiк органдардың толық тiзбесiн, сондай-ақ бұл лицензияларды, рұқсаттарды берудiң тәртiбiн және алынатын ақысының мөлшерiн жарияласын.
      5. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар бiр апталық мерзiм iшiнде өздерiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлығына сәйкес келтiрсiн.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады