Қазақстан Республикасы астанасының ресми тұсаукесерiн өткiзумен байланысты ұйымдастыру шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 27 мамырдағы N 95

      "Қазақстан Республикасы астанасының ресми тұсаукесерiн өткiзумен байланысты ұйымдастыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3954 Өкiмiн N983954_ орындау үшiн:
      1. Қазақстан Республикасының астанасы ретiнде Астана қаласының тұсаукесерiн дайындау мен өткiзуге қатыстырылған барлық мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiгiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасымен және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсе отырып, тұсаукесер бойынша барлық шаралардың бекiтiлген бағдарламаға сәйкес толық көлемiнде және мерзiмiнде өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
      2. Тұсаукесерге келетiн ресми делегацияларға бекiтiлген барлық мемлекеттiк органдар ресми делегацияларды, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды қамтамасыз ететiн адамдарды жайғастыру мен оларға қызмет көрсетудi ұйымдастырсын.
      3. Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсе отырып, делегациялардың құрамын айқындасын және олардың бекiтiлген кестелер бойынша дер кезiнде келуi мен қайтуын қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен, Астананың әкiмiмен келiсе отырып, Астана тұсаукесерiнiң бекiтiлген Бағдарламасына сәйкес мәдени шаралардың өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi астананың ресми тұсаукесерi шеңберiнде өткiзiлетiн шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен көрсету жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын.
      6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Мемлекеттер басшыларының арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ұшуын қамтамасыз етсiн. Көлiк және коммуникациялар министрлiгi арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетiлуiн, оларды тұраққа қоюды және май құюды, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесе отырып, делегациялардың темiр жол көлiгiмен келуiн ұйымдастырсын.
      7. Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсе отырып, Мемлекеттер басшыларының, олардың делегацияларының, сондай-ақ республика аймақтары өкiлдерiнiң қауiпсiздiгiн, әуежайда, темiржол вокзалында, сондай-ақ делегациялардың жүру маршруттары мен болатын орындарында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн. 8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Астана тұсаукесерi жөнiндегi шығыстарды бекiтiлген сметаға сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүргiзсiн.

      Премьер-Министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады