Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісіне материалдардың уақтылы дайындалуын қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1998 жылғы 19 маусымдағы N 119-ө

      1998 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыстардың қортындылары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісіне материалдардың уақтылы дайындалуын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі министрліктермен, ведомстволармен және басқа да мемлекеттік органдармен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып, 1998 жылдың 10 шілдесіне дейін мыналарды дайындап, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынатын болсын:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісінде қарау үшін 1998 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндама;
      1998-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспарының орындалу барысы туралы баяндама;
      Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне берген сегіз нақты тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндама.
      2. Министрліктер, ведомстволар және басқа да мемлекеттік органдар 1998 жылдың 5 шілдесіне дейін тиісті министрліктер мен экономика секторларының 1998 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысының қорытындылары бойынша материалдарды дайындап, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігіне ұсынсын.
      3. Министрліктер, ведомстволар және басқа да мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 1998 жылдың 2 шілдесіне дейін 1998-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспарының және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне берген сегіз нақты тапсырмасының орындалу барысы туралы ақпаратты дайындап, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігіне ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1998 жылдың 5 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігіне зейнетақы реформасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
      5. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1998 жылдың 5 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігіне мемлекттік және мемлекеттік емес зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің пайдалануының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынсын.
      6. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы 1998 жылдың 5 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігіне үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында елдегі қор рыногын дамыту бағдарламасының орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
      7. Министрліктер, ведомстволар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 1998 жылдың 5 шілдесінде дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің хаттамалық шешімінің жобасына енгізу үшін жоғарыда аталған мәселелер бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігіне ұсынсын.
      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне 1998 жылдың 5 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігіне мемлекеттің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарының іске асырылу барысы туралы, елдің 1998 жылдың бірінші жартыжылдығындағы төлем балансының жай-күйі туралы және банк жүйесін дамыту жөніндегі үстіміздегі жылдың аяғына дейін көзделіп отырған шаралар туралы материалдарды тапсыру ұсынылсын.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады