Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 31 мамырда ГФР вице-канцлерi, сыртқы iстер федеральдық министрi К.Кинкельмен кездесуiнде айтқан бастамашылығын, "Қазақстан Республикасында тұратын немiстердi этникалық өркендетудiң кешендi бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 31 қазандағы N 1040 P931040_ қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 42, 500-құжат) және "Қазақстанда тұратын немiстердi этникалық өркендету жөнiндегi қосымша iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 сәуiрдегi N 639 P970639_ қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 17, 148-құжат)
iске асыру мақсаттарында және Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi 1998 жылғы 22 шiлдеде бекiткен N 20-25/5696
хаттамалық шешiмдi орындау үшiн:
1. Қазақстан Республикасында немiс диаспорасын экономикалық
дамыту шараларын әзiрлеу жөнiнде мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Өтембаев Қазақстан Республикасы Стратегиялық
Ержан Әбiлқайырұлы жоспарлау және реформалау жөнiндегi
агенттiгiнiң Төрағасы, жетекшi
(келiсiм бойынша)
Төтенов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министр
Байкәрiм Вильямұлы Кеңсесiнiң Қаржы-экономикалық сараптама
бөлiмi меңгерушiсiнiң бiрiншi
орынбасары
Розе Виталий Егорович - Қазақстан Республикасы Президентi
Әкiмшiлiгi Ұйымдық-бақылау бөлiмiнiң
мемлекеттiк инспекторы (келiсiм бойынша)
Солодченко - Қазақстан Республикасы Энергетика,
Роман Владимирович индустрия және сауда министрлiгiнiң
Экономикалық жоспарлау жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы
Жүнiсов Қанай Хамитұлы - Қазақстан Республикасы Шағын бизнестi
қолдау жөнiндегi агенттiгi Төрағасының
орынбасары
Нұрсейітов - Қазақстан Республикасы Инвестициялар
Азамат Айтқалиұлы жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
Инвестицияларды жоспарлау және дамыту
дирекциясының аға сарапшысы
Ақымбекова - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Гулжазира Серiкқызы министрлiгi Европа және Америка
басқармасының атташесi
Рау Альберт Павлович - Лисаков қаласының әкiмi, Қостанай
облысы
Дедерер - Қазақстан Немiстер қауымдастығының
Александр Федерович төрағасы (келiсiм бойынша)
Кист - Қазақстан Немiстер кеңесi төрағасының
Виктор Эдуардович орынбасары, Қарағанды облыстық
"Возрождение" қоғамының төрағасы
(келiсiм бойынша)
Ренде Андрей Карлович - Қазақстан Немiстер кеңесi төрағасының
орынбасары. Ақмола облыстық
"Возрождение" қоғамының төрағасы
(келiсiм бойынша)
Ермекова Несiпбала - Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалау жөнiндегi
агенттiгiнiң басқарма бастығының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Жақсылықов - Қазақстан Республикасы Стратегиялық
Тимур Мекешұлы жоспарлау және реформалар жөнiндегi
агенттiгiнiң бас маманы (келiсiм
бойынша)
Шварцкопф Қазақстан Республикасы Парламентi
Альберт Васильевич - Мәжiлiсiнiң депутаты(келiсiм бойынша)
Өртембаев - Қазақстан Республикасы Қаржы
Асқар Қалмұхаметұлы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және
жекешелендiру департаментi директорының
орынбасары
Ескерту. Құрам өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.10.28. N 206 өкiмiмен.
2. Жұмыс тобына:
ГФР Үкiметi iске асыратын бағдарламалар шеңберiндегi жобаларды қоса алғанда, Германияға тұрақты қоныс аударған қазақстандық бұрынғы азаматтарды Қазақстан аумағында жобаларды жүзеге асыруға тарту тұжырымдамасының жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына екi ай мерзiмде дайындау және енгiзу:
герман бизнесi өкiлдерiнiң қатысуымен бiр ай мерзiмде шағын және орта бизнестiң мүмкiн жобаларының тiзбесiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу;
Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсiбi мен инфрақұрылымына герман инвестициясын ұлғайту мәселелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мен Герман Федеративтiк Республикасы арасында саяси және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын әзiрлеу жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне екi ай мерзiмде тиiстi ұсыныстар енгiзу;
немiс жағымен алдын ала қаржыландыру мәселесiн шеше отырып, Астанада Герман экономикасы үйiн ашу жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне 1998 жылғы 1 қазанға дейiн ұсыныстар енгiзу тапсырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 362 R960362_ өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Премьер-Министрi