Жұмыс тобын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 362. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.08.26. N 162 өкiмiмен. ~R980162

      "Қазақстан Республикасын мекендейтiн немiстердiң этникалық өркендеуiнiң кешендi бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 қазандағы N 1040 P931040_ қаулысын жүзеге асыру, шаруашылық бастамаларын, жеке кәсiпкерлiктi,

шағын және орташа бизнестi кең түрде дамытуға жағдайлар туғызу, 
сондай-ақ республиканың немiс халқы арасында көшi-қон процесiн 
азайту мақсатында:
     1. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң Қазақстан
Республикасындағы немiс диаспорасының экономикалық даму шараларын
жасау жөнiндегi жұмыс тобын мынадай құрамда құру туралы ұсынысы
қабылдансын:

     Штойк Г.Г.            - Қазақстан Республикасы Премьер-
                             Министрiнiң орынбасары, жетекшi

     Шүкеев Ө.С.           - Қазақстан Республикасының Экономика
                             министрi, жетекшiнiң орынбасары

     Алесин В.И.           - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
                             министрiнiң орынбасары

     Баймағамбетов С.З.    - Қазақстан Республикасы Үкiметi
                             Аппаратының Әлеуметтiк-мәдени даму
                             бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi

     Бәйменов А.М.         - Қазақстан Республикасы Еңбек
                             министрiнiң бiрiншi орынбасары

     Дедерер А.Ф.          - Қазақстан немiстерi кеңесiнiң
                             төрағасы /келiсiм бойынша/

     Жұмабаев А.Ж.         - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп
                             және сауда министрiнiң орынбасары

     Iзтiлеуов Б.I.        - Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
                             Экспорт-импорт банкi басқармасының
                             төрағасы

     Кист В.Э.             - Қарағанды облыстық "Возрождение"
                             қоғамының төрағасы /келiсiм бойынша/

     Ким Г.В.              - Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты
                             жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                             төрағасы

     Ренде А.К.            - Ақмола облыстық "Возрождение" қоғамының
                             төрағасы /келiсiм бойынша/

     Сыщиков В.В.          - Қазақстан Республикасының Қаржы
                             министрлiгi жанындағы Шетел капиталын
                             пайдалану жөнiндегi комитет төрағасының
                             орынбасары

     Утепов Э.К.           - Қазақстан Республикасы Жекешелендiру
                             жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                             төрағасы

     Шоқпытов А.М.         - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                             мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                             комитетi төрағасының орынбасары

     Шуховцев А.И.         - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                             министрiнiң орынбасары

     2. Жұмыс тобына:


      Қазақстанда тұратын немiстердi экономикалық қолдау саласында қазақстан-герман қатынастарын тереңдету жөнiнде екi жақты келiссөздер жүргiзу;
      "Қазақстандағы немiс диаспорасын экономикалық дамыту" туралы тұжырымдама мен бағдарламаның жобаларын әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу;
      осы бағдарлама шеңберiнде жобалар тiзбесiн пысықтау тапсырылсын.
      3. Осы өкiмдi iске асыруға бақылау жасау Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады