"Мастер-ралли-98" FIA Әлем кубогына арналған халықаралық автомотомарафон туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ 1998 жылғы 14 қыркүйек N 175

      1. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Автомотоспорт федерациясының және "Мастер-ралли" халықаралық ұйымдастыру комитетінің 1998 жылдың 17 қыркүйегінен 3 қазанына дейін Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағы бойынша Москва-Ашғабат-Сочи бағыты бойынша "Мастер-ралли-98" FIA Әлем кубогына арналған халықаралық автомотомарафонның кезеңін өткізу туралы бірлескен ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомотомарафонның кезеңін өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды "Мастер-ралли" халықаралық ұйымдастыру комитеті жүзеге асыратындығы назарға алынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігі автомотомарафонның Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауіпсіз және ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Көлік және коммуникациялар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Көлік және коммуникациялар министрлігінің Әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі жөніндегі комитеті, Қаржы министрлігінің Кеден комитеті, "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері Қазақстан Республикасының Автомотоспорт федерациясы мен "Мастер-ралли" халықаралық комитетіне автомотомарафонның қазақстандық кезеңін өткізуге жәрдем көрсетсін.
      5. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомотомарафонның кезеңін өткізу кезінде экологиялық бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі автомотомарафонның Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кезеңін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетуді қамтамасыз етсін.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады