Еуразияның ежелгі тарихын, Еуразия кеңістігіндегі халықтардың бір-біріне өзара ықпалы мен өзара әрекеттесу тарихын кең таныту, интеграциялық үрдістерді күшейту идеясын насихаттау, халықаралық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында:
1. Қарағанды облысы әкімінің Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігімен келісілген 1999 жылы "Алтай-Дунай" халықаралық археологиялық-этнологиялық экспедициясын ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі заңда белгіленген тәртіппен "Алтай-Дунай" экспедициясына қатысушылардың Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Украинаның, Молдова Республикасының, Румынияның және Венгрияның аумағынан өту үшін кіру және шығу құжаттарын алуға жәрдем көрсетсін.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік шекара күзеті жөніндегі комитеті, Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті және Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті аумағынан заңдарда белгіленген тәртіппен "Алтай-Дунай" экспедициясын маршруты өтетін мемлекеттердің тиісті органдарымен шекаралық, кедендік, санитарлық-эпидемиология мәселелерін келіссін.
4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі экспедициясының дайындық және оның өту барысын жүйелі түрде көрсетсін, 1999 жылғы баспа жұмыстарының жоспарына экспедиция қорытындысы жөнінде дайындалған фотоальбом және жолсапар очеркінің шығарылымын енгізсін.
Премьер-Министр
"Алтай-Дунай" халықаралық археологиялық-этнологиялық экспедициясын ұйымдастыру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1998 жылғы 27 қазан N 204-ө
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз