"Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 p980998_ қаулысын іске асыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі үш күндік мерзім ішінде "Азық түлік келісім-шарт корпорациясы" ЖҮАҚ сатып алатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен тізімделген астықты сатудан түскен қаражатты бюджет пен бюджеттен тыс қорларға төлемдер бойынша берешектерді өтеудің есебіне есептеу үшін Мемлекеттік кіріс министрлігінің облыстық салық комитеттері жұмсау құқығынсыз депозиттік шоттар ашуын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің облыстық салық комитеттері:
арнаулы депозиттік шотқа түскен қаражатты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің берешектерін өтеу үшін мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорларға аударсын;
қаражатты аударуды олар арнаулы депозиттік шотқа есептелген күннен бастап бес күннен кешіктірмей жүргізсін.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі (Б.Ш. Тәжияқов) арнаулы депозиттік шоттарға түскен қаражаттың мақсатты аударылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр
Астықты сатудан түскен қаражатты аударудың тәртібі туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ 1998 жылғы 30 қазан N 208
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз