Мемлекет басшысының 1998 жылғы 9 қарашадағы N 3954 тапсырмасына
сәйкес "KEGOC" акционерлік қоғамының қызметін зерделеу үшін:
1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Әлиев Рахат - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс
Мұхтарұлы бірінші вице-министрі, жетекші
Радостовец Николай - Қазақстан Республикасы Табиғи
Владимирович монополияларды реттеу және
бәселестікті қорғау жөніндегі
комитетінің төрағасы - Қазақстан
Республикасының министрі
Әбітаев Есберген - Қазақстан Республикасының Энергетика,
Әбітайұлы индустрия және сауда бірінші вице-
министрі
Жүсіпов Қайрат - Қазақстан Республикасы Президентінің
Зияұлы Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау
бөлімінің мемлекеттік инспекторы (келісім
бойынша)
Ержанов Оразалы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Сәнтайұлы министрі - Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру департаментінің директоры
2. "KEGOC" акционерлік қоғамы (Ә.Қ. Наурызбаев) жұмыс тобына, компанияның қызметін зерделеу және Мемлекет басшысының тапсырмасынан туындайтын барлық мәселелерді анықтау үшін, барлық қажетті материалдарды беретін болсын.
3. Жұмыс тобына, өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін, орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын тарту құқығы берілсін.
4. Жұмыс тобы 1998 жылдың 20 қарашасына дейін "KEGOC" акционерлік қоғамының қызметін тексеруді аяқтасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне елдің Президентіне баяндаманың жобасын ұсынсын.
Премьер-Министр