Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің жекелеген мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ 1998 жылғы 12 қараша N 223. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесін одан әрі реформалау туралы" 1998 жылғы 12 қазандағы Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің мәселелері" туралы 1998 жылғы 20 қазандағы N 1070  қаулысын іске асыру мақсатында: 
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі бір апталық мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Салық төлеу және айыппұл санкцияларының мерзімін ұзарту тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 18 сәуірдегі N 591  қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын енгізсін. 
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі 1998 жылдың 1 желтоқсанына дейін мерзімде: 
      1) акциздік маркілерді беру мен олардың айналымын бақылаудың тәртібін белгілеу және алкогольді өнімдерге арналған акциздік маркілердің қорғаныштық қасиеттерін нығайту мәселелерін қарасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізсін; 
      2) тиісті қаржы жылында көлік құралдарына заңдармен көзделген салықтарды төлеген көлік құралдары иелері үшін арнаулы талондар енгізудің мүмкіндігін зерделесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті ұсыныс енгізсін; 
      3) салықтар мен алымдардың заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген көлемдерде бюджетке түсуі қамтамасыз етілмеген жағдайда Салық және Кеден комитеттері, салық полициясы аумақтық органдарының басшыларын атқаратын қызметінен босатуға дейін тәртіптік жауаптылыққа тарту жөнінде дереу шаралар қолдансын. 
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті, Кеден комитеті мен Энергетика, индустрия және сауда министрлігі: 
      1) республика рыноктарына ұйымдастырылмаған жолмен әкелінетін тауарлардың көздері мен түсу жолдарын зерделеу үшін мамандандырылған жедел топтар (орталық аппараттар қызметкерлерінің арасынан) құрсын және оны 1999 жылдың 1 қаңтарына дейін мерзімде, белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының Үкіметіне тауарлардың республиканың аумағына ұйымдастырылмаған жолмен әкелінуін мемлекеттік реттеу бөлігінде заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізсін; 
      2) аталған топтардың құрамын әрбір 3-4 аптадан кейін ауыстыра отырып, аталған топтарға кеден төлемдерінің бюджетке толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету саласында арнаулы өкілеттіктер беру арқылы, оларды, тауарлардың негізгі бөлігі олар арқылы импортталатын әуежайлар мен темір жол пункттеріне жіберу үшін мамандандырылған жедел топтар (орталық аппараттар қызметкерлерінің арасынан) құрсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен шаруашылық жүргізу құқығындағы республикаға импортталатын спиртті тасымалдау және сақтау жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын құрудың орындылығы мәселесін зерделесін және 1998 жылдың 20 қарашасына дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне спиртті сатып алудан, сақтаудан және сатудан бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ететін шараларды жетілдіруді көздейтін ұсыныс енгізсін. 
      5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі апта сайын Қазақстан Республикасының Үкіметін барлық түскен мемлекеттік кірістер туралы толық және түбегейлі ақпаратпен қамтамасыз етсін. 
 

         Премьер-Министр 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады