Спорт делегациялары мен туристік қолдау топтарының халықаралық спорт жарыстарына баруын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ 1998 жылғы 20 қараша N 228

      Қазақстан Республикасы спорт делегацияларының Атланта қаласында (АҚШ, 1996 жыл) болған XXVI жазғы Олимпиадалық ойындардағы, Нагана қаласындағы XVIII қысқы Олимпиадалық ойындардағы жоғарғы жетістіктерін есепке ала отырып және "Қазақстан-2030" стратегиясының "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және салауаттылығы" ұзақ мерзімді басымдығын іске асыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Туризм және спорт комитетінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетінің және "Трансатлантик групп, Лтд" консорциумының Қазақстанның спорт делегациялары мен туристік қолдау топтарының халықаралық спорт жарыстарына баруын ұйымдастыру жөніндегі бірлескен қызметі мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен ведомстволары, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің туризм және спорт комитетіне, Ұлттық олимпиадалық комитетіне және "Трансатлантик групп, Лтд" консорциумына Қазақстанның спорт делегациялары мен туристік қолдау топтарын халықаралық спорт жарыстарына (олимпиадалық ойындар, әлем чемпионаттары және т.б.) жіберу жөніндегі ұйымдастыру мәселелерін шешуде қажетті қолдау мен жәрдем көрсететін болсын.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады