"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 14 желтоқсандағы N 4173 Жарлығын іске асыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің таратылған Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департаментінің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) өткізуді қамтамасыз етсін.
2. Агенттік екі апта мерзім ішінде Үкіметке Агенттіктің адам санын, құрылымын, ережесін бекіту туралы, сондай-ақ оны қаржылық қамтамасыз ету мен орналастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын белгіленген тәртіппен енгізсін.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мен Агенттік Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған актілерін жоғарыда аталған Жарлыққа сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобаларын екі апта мерзім ішінде белгіленген тәртіппен енгізсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
Премьер-Министр