"Кең дала" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1998 жылғы 25 желтоқсан N 246

 


     "Кең дала" акционерлік қоғамына кешенді тексеру жүргізу мақсатында:

     1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:


     Сәдуов Марат         - Қазақстан Республикасы Қаржы

     Темірболатұлы          министрлігінің Бюджет департаменті

                            сыртқы несиелер бөлімінің бастығы,

                            жетекші


     Мысырғалиева Қымбат  - Қазақстан Республикасы Қаржы

     Ізтілеуқызы            министрлігі Қазынашылық

                            департаментінің бас қазынашысы


     Жақыпбеков Жаңбырбай - Қазақстан Республикасы Ауыл

     Жақыпбекұлы            шаруашылығы министрлігі заң бөлімінің

                            бастығы


     Тайманов Әлібек      - Қазақстан Республикасы Ауыл

     Зайытұлы               шаруашылығы министрлігі инженерлік-

                            техникалық инфрақұрылым бөлімінің бас

                            маманы


     Мекебаев Әділет      - Қазақстан Республикасы Әділет

     Адамұлы                министрлігі Заңдар және халықаралық

                            құқық департаментінің бас маманы


     Жамалбекова Гүлнар   - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

     Наматқызы              кіріс министрлігі аудит басқармасының

                            бас салық инспекторы


     Төкебаев Қайрат      - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

     Орақұлы                кіріс министрлігі Салық полициясы

                            комитетінің бас жедел басқармасы

                            экономикалық қылмысқа қарсы күрес

                            жөніндегі басқармасының бастығы



 
       2. Ақмола, Алматы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының

 

әкімдері жұмыс тобына "Кең дала" акционерлік қоғамына тексеру жүргізуде

жәрдемдессін.

     3. Жұмыс тобы 1999 жылдың 28 ақпанына дейінгі мерзімде Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлігіне кейін Қазақстан Республикасының

Үкіметіне енгізу үшін атқарылған жұмыс туралы есебін ұсынсын.

     4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлігіне жүктелсін.


     Премьер-Министр



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Икебаева А.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады