Қазақстанда әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдың ұлттық жоспары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 18 наурыз N 34-ө

 


     Қазақстан Республикасы қосылған БҰҰ-ның әйелдердің жағдайы

жөніндегі 4-інші Дүниежүзілік конференциясында (Пекин, 1995 ж.)

қабылданған Декларация мен Іс-қимыл тұғырнамасын орындау үшін,

сондай-ақ БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының осы мәселе жөніндегі арнайы

сессиясына (маусым, 2000 ж.) дайындалу мақсатында:

     1. Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі

іс-қимылдың ұлттық жоспарын дайындау үшін мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:


     Самақова Айткүл       - Қазақстан Республикасының Министрі,

     Байғазықызы             Отбасы және әйелдер істері жөніндегі

                             ұлттық комиссияның төрағасы, жетекші


     Сәрсенбай Нұрлан      - Қазақстан Республикасы Стратегиялық

     Алдабергенұлы           жоспарлау және реформалар жөніндегі

                             агенттігінің департаменті директоры,

                             жетекшінің орынбасары


     Құлманова Нәйлә       - Қазақстан Республикасының Министрі

     Қадырқызы               Хатшылығының кеңесшісі, хатшы


                Жұмыс тобының мүшелері:


     Айтхожина Нағима     - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым

     Әбенқызы               академиясының президенті (келісім бойынша)


     Жалыбин Сергей       - Қазақстан Республикасының Әділет

     Михайлович             вице-министрі


     Жарбосынова          - Қазақстан Республикасының Сыртқы

     Мәдина Бинешқызы       істер вице-министрі


     Жағанова Алтыншаш    - Қазақстан Республикасы Көші-қон және

     Қайыржанқызы           демография жөніндегі агенттігінің

                            төрайымы


     Ертілесова Жанат     - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Жұрғалиқызы            вице-министрі


     Естаев Ерлан         - Қазақстан Республикасы Шағын бизнесті

     Жұмабайұлы             қолдау жөніндегі агенттігінің басқарма

                            бастығы


     Ермекова Несіпбала   - Қазақстан Республикасы Стратегиялық

     Әбсағитқызы            жоспарлау және реформалар жөніндегі

                            агенттігінің бөлім бастығы


     Жұмабекова Рысты     - Қазақстан Республикасының Білім,

     Мағауияқызы            денсаулық сақтау және спорт министрлігі

                            комитетінің төрайымы


     Ысқақова Саида       - "Шағын несие" үкіметтік емес ұйымының

     Қуанқызы               директоры, Қазақстан кәсіпкерлері

                            конгресінің вице-президенті (келісім

                            бойынша)


     Қаюпова Нина         - Ана мен баланың денсаулығын қорғау

     Әмірқызы               ғылыми-зерттеу орталығының директоры

                            (келісім бойынша)


     Көшербаев            - Қазақстан Республикасының Білім,

     Қырымбек Елеуұлы     - денсаулық сақтау және спорт министрі


     Коржова Наталья      - Қазақстан Республикасының Еңбек және

     Артемовна              халықты әлеуметтік қорғау министрі


     Күлекеев Жақсыбек    - Қазақстан Республикасы Статистика

     Әбдрахметұлы           жөніндегі агенттігінің төрағасы


     Мұсатаев Мұрат       - Қазақстан Республикасының Табиғи

     Хабділжаппарұлы        ресурстар және қоршаған ортаны қорғау

                            вице-министрі


     Отто Иван Иванович   - Қазақстан Республикасының Ішкі істер

                            вице-министрі


     Сәрсенбаев           - Қазақстан Республикасының Мәдениет,

     Алтынбек               ақпарат және қоғамдық келісім министрі

     Сәрсенбайұлы


     Федотова Зинаида     - Қазақстан Республикасы Парламентінің

     Леонтьевна             Сенаты комитетінің төрайымы

                            (келісім бойынша)


     Хасанова Ғалия       - БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі

     Алашбекқызы            "Гендер және даму" бюросының

                            директоры (келісім бойынша)


     2. Жұмыс тобы:


 
       үстіміздегі жылдың 15 сәуіріне дейін мерзімде Қазақстанда әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспардың жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын;
      үстіміздегі жылдың 1 маусымына дейін мерзімде БҰҰ Бас

 

Ассамблеясының "Әйелдер-2000" арнайы сессиясына дайындық жөніндегі

БҰҰ-ның комитетіне ұсыну үшін Қазақстанда әйелдердің жағдайын жақсарту

жөніндегі іс-қимылдың Ұлттық жоспарының орындалуы туралы Ұлттық

баяндаманың жобасын дайындасын.


     Премьер-Министр



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады