"Шардара ГЭС-і" АҚ-ы өндірген электр энергиясына Оңтүстік
Қазақстан облысының көлік және сату ұйымдарының қолданатын тарифтеріне
негізделген мақтаға ҚҚС есептеуді заңға сәйкес тексеру мақсатында:
1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Елшібеков Серікбек Кеңесбекұлы - Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрлігі
Әкімшіліктендіру департаментінің
директоры, жетекші
Қанатов Сәбит Сарқытұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Департаментінің
директоры, жетекшінің орынбасары
Бобошко Галина Александровна - Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекені қорғау жөніндегі
агенттігі Табиғи монополияларды
реттеу департаментінің басқарма
бастығы
Шынәлиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесі
Өндірістік сала бөлімінің
консультанты
Досболов Сләмхан Серікбайұлы - Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары жөніндегі
комитетінің бөлім бастығы
Барамысова Ғазиза Әзімханқызы - Қазақстан Республикасы
Энергетика, өнеркәсіп және
сауда министрлігі Электр
энергетикасы және қатты отын
департаментінің бас маманы
Пастушков Владимир Николаевич - "KEGOC" ААҚ департаментінің
директоры (келісім бойынша)
2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасының Үкіметіне 10 маусымға
дейінгі мерзімде жұмыс нәтижелері бойынша шешім қабылдау үшін ұсыныс
енгізсін.
3. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі жұмыс тобына көмек көрсетсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.