"ИНПЕКС Норд Каспиан Лтд." (бұдан әрі - "ИНПЕКС") басқаратын жапон компаниясы консорциумының 1993 жылғы 3 желтоқсандағы Консорциум туралы келісімнің 23.2-бабының негізінде 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік-Каспий жобасы бойынша Өнімді бөлу туралы келісімдегі "Қазақстанкаспийшельф" акционерлік қоғамының 1/14 үлесін сатып алуына байланысты "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлік қоғамы "Қазақстанкаспийшельф" акционерлік қоғамының 1994-1997 жылдарда алған Каспий теңізінің қазақстандық секторы бойынша материалдардың көшірмесін заңдарда белгіленген тәртіппен "ИНПЕКС"-ке беруді қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
1999 жылғы 14 маусымдағы
N 78-ө өкіміне
қосымша
ИНПЕКС компаниясына берілетін материалдардың тізімі
1. "Қазақстаншельф" акционерлік қоғамының 1995 жылдан 1996 жылға дейін Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде алған сейсмикалық және топогеодезиялық зерттеулердің деректері, оның ішінде:
1) SEG-Y форматындағы 2Д МОГТ (26190 п.км) сейсмикалық барлаудың бастапқы деректерінің көшірмесі;
2) SEG-Y форматындағы қағаз және магниттік көздердегі түпкілікті көшпелі кеніштердің барлық кескіні бойынша (26190 п. км) көшірмесі;
3) UKOOA форматындағы қағаз және магниттік көздердегі әрбір
кескінінің бастапқы, соңғы және сынығының географиялық координаттары;
4) әрбір кескін бойынша құжаттамалардың көшірмелері (рапорт,
байқаулардың сызбалары, өңдеу параметрлері, интерпретациялар).
2. Каспий теңізінің Қазақстан секторындағы "Қазақстанкаспийшельф"
Консорциумының 1994-1996 жылдардағы 2Д МОГТ аймақтық және іздестіру
сейсмикалық барлау жұмыстары туралы есебінің көшірмесі (мәтін және
графикалық қосымша) енеді.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.