Қазақстан мұнай өнеркәсібінің 100 жылдығын мерекелеудің жекелеген мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 29 шілде N 114-ө

     Қазақстан мұнай өнеркәсiбiнiң 100 жылдығы жөнiнде республикалық деңгейдегi мерейтой шараларын өткiзуге байланысты:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда, Табиғи ресурстар жөне қоршаған ортаны қорғау министрлiктерiнiң, "Қазақойл", "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнайгаз компанияларының және басқа да ұйымдардың Қазақстан мұнай өнеркәсiбiнiң 100 жылдығы құрметiне ұйымдардың өз қаражаты есебiнен кеудеге тағатын салалық естелiк белгi тағайындау жөнiндегi ұсыныстарына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда,

 

Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiктерi:

     - кеудеге тағатын естелiк белгiнi тағайындауға жәрдем көрсетсiн;

     - саланың қалыптасуына және дамуына елеулi үлес қосқан мұнай

өнеркәсiбi қызметкерлерiн марапаттауға атсалыссын.


     Премьер-Министр




      Оқығандар:

         Омарбекова А.Т.

         Багарова Ж.А. 





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады