1999 жылы елдің негізгі егін егетін облыстарында астықты ұйымдастырылған түрде жинау жөніндегі кейбір шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 18 тамыз N 120-ө

      Өсірілген астықтың ысырабына жол бермеу, ішкі рынокта азық-түлік астығының сенімді резервін құру, негізгі егін егетін облыстарда үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарының астығын жинауға байланысты мәселелерді жедел шешу мақсатында:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда 1999 жылдың жинау жұмыстарына дайындық және оны жүргізудің барысын тексеру жөніндегі жұмыс топтары құрылсын.
      2. Жұмыс топтары жергілікті жерлерге барып әкімдермен, тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерімен және акционерлік (ұлттық) компаниялармен бірлесіп оңтайлы мерзімдерде жинау жұмыстарын саналы жүргізу жөнінде қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз ете отырып, әрбір аудан бойынша жинау жұмыстарының барысын талдауды жүзеге асырсын.
      Нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін ұдайы хабардар етіп отырсын.
      3. Облыс әкімдері жұмыс топтарына олардың алдына қойылған тапсырмаларын жүзеге асыруы үшін жәрдем көрсетсін.
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен:
      "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы", "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамдарымен (келісім бойынша) және облыстардың әкімдерімен бірлесіп 1999 жылдың жинау жұмыстары үшін дизель отыны мен бензин өндіруді және оны қажетті мөлшерде уақтылы беруді қамтамасыз етсін;
      ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен астық қабылдау ұйымдарын олардың жаңа егіннің астығын әзірлеу және кептіру бойынша электр энергиясымен іркіліссіз жабдықтауды қамтамасыз етсін;
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін жоғарыда аталған тапсырмалардың орындалуы бойынша қабылданатын шаралар туралы уақытында хабардар етіп отырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жинау жұмыстарын жүргізуге арналған мұнай өнімдерін уақтылы тасымалдауын қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік кіріс министрлігі жаңа астықты жинау кезеңінде оның ысырап болмауын, тасымалдануы мен сақталуын күшейту және республика шегінен заңсыз әкетілу фактілерінің жолын кесу жөнінде қосымша шаралар қабылдасын.
      7. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі 1999 жылдың астығының жиналуы барысын мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы объективті көрсетуді қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы А.А.Тілеубердин:
      үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының

 

Премьер-Министрі Кеңсесінің жауапты қызметкерлерінің жедел кезекшілігін

ұйымдастырсын;

     қажет болған жағдайда тиісті министрліктердің, агенттіктердің,

ведомстволар мен акционерлік (ұлттық) компаниялардың өкілдерін жұмыс

топтарының құрамына қосымша енгізу жөнінде ұсыныстар енгізсін;

     жинау жұмыстары кезеңінде облыстар бойынша жұмыс топтарының

кезең-кезеңмен шығу кестесін бекітсін.


     Премьер-Министр


                                      Қазақстан Республикасы

                                        Премьер-Министрінің

                                      1999 жылғы 18 тамыздағы

                                          N 120 өкіміне

                                             қосымша


     1999 жылдың жинау жұмыстарына дайындық және оның жүргізілу

      барысын тексеру жөніндегі республикалық жұмыс топтарының

                             Құрамы


                  Ақмола облысы      


     Баяхметов Е.Б.      - Қазақстан Республикасы Премьер-

                           Министрі Кеңсесінің бас инспекторы, жетекші


     Алдабергенов Б.Ш.   - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі

                           Кеңсесінің консультанты


     Қалиев Н.М.         - Ауыл шаруашылығы министрлігінің бас маманы


     Озғанбаев А.О.      - Энергетика, индустрия және сауда

                           министрлігінің бас маманы


                 Қостанай облысы


     Мағзұмов Е.Қ.       - Қазақстан Республикасы Премьер-

                           Министрі Кеңсесінің бас инспекторы, жетекші


     Шиқанаев Қ.Ш.       - Қазақстан Республикасы Премьер-

                           Министрі Кеңсесінің консультанты


     Дүйсембаев З.А.     - Ауыл шаруашылығы министрлігінің

                           техникалық инспекторы


     Поклад И.Д.         - Көлік, коммуникациялар және туризм

                           министрлігінің бас маманы


            Солтүстік Қазақстан облысы


     Икранбеков А.З.     - Қазақстан Республикасы Премьер-

                           Министрі Кеңсесінің бас инспекторы, жетекші


     Қасабеков Р.И.      - Қазақстан Республикасы Премьер-

                           Министрі Кеңсесінің консультанты


     Иманжүсіпов А.Т.    - Ауыл шаруашылығы министрлігінің

                           бас маманы


     Жақыпов М.С.        - Энергетика, индустрия және

                           сауда министрлігінің бөлім бастығы



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.                  









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады