Қазақстан Республикасының кейбір шаруашылық жүргізуші субъектілерінің "Ресей БЭЖ" РАҚ-ның алдындағы берешектерін қайта құрылымдау жөніндегі жекелеген мәселелер

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 20 тамыз N 124-ө

      "Ресей БЭЖ" РАҚ-мен келіссөздер жүргізу үшін қадамдар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаев, Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б.Ә.Мұхамеджанов, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Д.Р.Әбілғазин және "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" ашық акционерлік қоғамының президенті Е.Д.Фельд екі апта мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Ресей БЭЖ" РАҚ-ның алдындағы электр энергиясын тұтынғаны үшін "Қазақстанэнерго" ҰЭЖ-ның борыштары мен Қазақстан Республикасының

 

шаруашылық жүргізуші субъектілерінің борыштарын өтеудің тетігі жөнінде,

сондай-ақ Ресей жағымен бірлесіп "Северный" кеніші" жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі мен "Екібастұз ГРЭС-2" акционерлік қоғамының

қатысуымен бірлескен кәсіпорын құрудың мүмкіндігі жөнінде ұсыныс енгізсін.


     Премьер-Министр



  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады