Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығының 4-тармағын іске асыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (келісімі бойынша) заңдарда белгіленген тәртіппен, екі апта мерзімде "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы" мемлекеттік мекемесін құруды көздейтін қаулының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі мен оның аумақтық органдарының қызметін заңдарда белгіленген тәртіппен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен келісім
бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
бұрын қабылдаған актілерін Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы
3 желтоқсандағы N 280 Жарлығына сәйкес келтіру жөнінде ұсыныс енгізсін.
4. Осы өкімнің атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.