Солтүстік Қазақстан облыстық сотының Қазақ КСР-інің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 281-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын конституциялық емес деп тану жөніндегі ұсынымы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000 жылғы 10 шілде N 14/2 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға мiндетiн атқарушы В.Д. Шопин, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, өзiнің ашық отырысында Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының Қазақ КСР-інің Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасын конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшiн қарады.

      Қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, баяндамашылар Қ.Ә. Омарханов пен В.Д. Шопиннің баяндамасын тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады:

      1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 26 маусымда Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының Қазақ КСР-інің Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасын (бұдан әрi - Кодекс) конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшi келіп түстi.

      Өтiнiш беруге Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының iс жүргiзуінде жатқан, "Монолитстрой" акционерлiк қоғамы (АҚ) президентiнiң оған Солтүстiк Қазақстан облыстық айналадағы ортаны қорғау басқармасының аға мемлекеттiк инспекторы шығарған әкiмшiлiк жаза қолдану туралы 2000 жылғы 13 наурыздағы қаулыға шағымдану жөнiндегi арызы бойынша азаматтық iс себеп болды. Кодекстің 54-1 және 233-баптарына сәйкес, АҚ-ның президентiне, радиоактивтi сәуле тарату көздерiн дұрыс сақтау және көмуге байланысты шаралар қолдану жөнiндегi мiндеттi нұсқаманы орындамағаны үшiн 19875 теңге мөлшерiнде айыппұл салынған болатын.

      "Монолитстрой" АҚ президентiнiң арызы бойынша Петропавл қалалық соты 2000 жылғы 26 сәуiрде айыппұл салу туралы қаулының күшiн жойды және iс жүргiзудi тоқтатты. Соттың бұл шешiмiне мемлекеттiк инспектор кассациялық тәртіппен облыстық сотқа шағымданған болатын.

      Кассациялық арызды қабылдап, Солтүстiк Қазақстан облыстық соты бұл iс бойынша өндiрiстi тоқтатқан, себебi Кодекстiң 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң

      3) тармақшасы бұдан әрi соттың қайта қарауына кедергi келтiредi. Бұл нормадан азаматтардың Республика Конституциясы 13-бабының 2-тармағында және 39-бабының 3-тармағында көзделген құқықтарын бұзуды көрiп, сот Конституциялық Кеңеске, органның (лауазымды тұлғаның) айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына берiлген арыз бойынша шығарылған аудандық (қалалық) сот шешiмінің түпкiлiктiлiгi бөлігінде оны конституциялық емес деп тану туралы өтiнiш берген.

      2. Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының ұсынымында көрсетiлген норманың конституциялылығын тексеру кезiнде Республика Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.

      Кодекстің 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасына сәйкес, уәкiлеттік берiлген орган немесе лауазымды тұлға шығарған айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы, жоғары тұрған органда (жоғары тұрған лауазымды тұлғада) немесе аудандық (қалалық) сотта шағымдануы мүмкiн, ал оның шешiмi түпкiлiктi болып табылады.

      Кодекстің 281-бабы бiрiншi бөлiгi 3) тармақшасының және 22-тараудың басқа нормаларының мазмұны бойынша, айыппұл салумен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша сот шешiмiнің түпкiлiктiлiгi, оның шығарылғаннан соң шұғыл түрде күшiне енетінін және орындалуға жататынын білдiредi. Бұл тұста, оған мүдделi тұлғаның бұл сот кесiмiне шағымдануға құқықтық мүмкiндiгі жоқ. Одан тыс, Кодекстiң 22-тарауының, сондай-ақ Республиканың Азаматтық iс жүргiзу кодексінің 26-тарауының нормаларын талдаудан, прокурордың наразылық білдiруi де, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердің жоғарыда аталған категориялары бойынша шығарылған сот қаулыларын міндеттi түрде тексеру секiлдi заңи салдарға әкеп соқтырмайтыны келіп шығады.

      Сол арқылы, аудандық (қалалық) соттың айыппұл салу туралы әкiмшiлiк iстер бойынша шешiмдерiнің түпкiлiктiлiгi бөлiгiндегi Кодекстің 281-бабы бiрiншi бөлiгi 3) тармақшасының нормасы, олардың заңдылығын және негiзділігiн сот тәртiбiмен одан әрi тексеру мүмкiншілігiн жоққа шығарады. Соған байланысты, бұдан кейiнгi сот бақылауының және сот қателiгiн жөндеудің кепiлi ретiнде, олардың орындалуын тоқтату мүмкiн болмай отыр.

      Баяндалғанды ескере отырып, Кодекстің жоғарыда аталған нормасы, Республика Конституциясы 13-бабы 2-тармағының әркімнің сот арқылы қорғану құқығын белгiлейтiн талабына қайшы келедi. Бұл конституциялық құқық адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарын әртүрлi озбырлықтан да, соттың қате шешiмдерiнен де қорғауды көзде тұтады. Осыған орай Конституциялық Кеңес өзiнiң "Маңғыстау облыстық сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргізу кодексінің 292-бабының алтыншы бөлiгiн конституциялық емес деп тану туралы ұсынымы жөнiндегi" 1999 жылғы 5 мамырдағы N 8/2 қаулысында, сот арқылы қорғану конституциялық құқығы, бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтiру үшiн әркiмнің сотқа өтінім бере алу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететінін атап өткен болатын. Бұл тұста қаулыдан, мұндай қорғанудың ең тиiмдi кепiлi ретiнде жоғары тұрған сот инстанцияларында iстің қайта қаралу мүмкіндiгi болып табылатыны келiп шығады, ал ол Республика заңдарымен қамтамасыз етiлуге тиiс.

      Кодекстiң зерттелiп отырған нормасы жұрттың бәрінің заң мен сот алдындағы теңдiгi туралы Конституцияның 14-бабы 1-тармағының талабымен үйлеспейдi, себебi, қылмыстық пен азаматтықтан айырмашылығы, әкiмшiлiк сот iсiн жүргiзу, мүдделi органдар мен тұлғалардың сот қателiгiн түзету мақсатында наразылық бiлдiруi мен арызы бойынша сот шешiмiнің заңдылығын және негiздiлiгiн басқа сот инстанциялары тексеруiнің қандай-да болмасын тәртiбiн жоққа шығарады.

      Кодекстің 281-бабы бiрiншi бөлiгiнің 3) тармақшасы Республика Конституциясы 13-бабының 2-тармағында және 14-бабының 1-тармағында көзделген адамның және азаматтың құқықтарын шектейдi, ал Конституция 39-бабының 3-тармағы аталған конституциялық құқықтарды ешбiр жағдайда да шектеуге жол бермейдi.

      Кодекстің бұл нормасы, сондай-ақ, Республика Конституциясының 75, 76-баптарына және 83-бабының 1-тармағына қайшы келедi.

      Мәселен, Конституциялық Кеңестiң "Жамбыл облыстық сотының Қазақ КСР-інің Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 280-бабының 2-бөлігiн және 288-бабының 1-бөлiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп тану туралы өтiнiшi туралы" 1998 жылғы 5 маусымдағы N 3/2 қаулысында аудандық (қалалық) соттың (судьясының) әкiмшілік жаза қолдану туралы қаулысы түпкiлiктi және арыздануға жатпайды деп тану әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi сот билiгiнің шегiн аудандық (қалалық) сот шеңберінде шектейдi және сот органдарының жүйесiн және негiзгi өкілеттiктерiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 75, 76-баптарына сәйкес келмейдi деп атап көрсетiлген болатын.

      Демек, айыппұл түрінде әкiмшілік жаза қолдану туралы iстер бойынша аудандық (қалалық) сот шешiмдерiнің түпкiлiктілігі бөлiгiндегi Кодекстің 281-бабы бiрiншi бөлiгiнің 3) тармақшасы, Республика Конституциясы 13-бабының 2-тармағына, 14-бабының 1-тармағына, 39-бабының 3-тармағына, 75 және 76-баптарына, 83-баптың 1-тармағына қайшы келедi.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.04.2017 № 2 нормативтік қаулысымен.

      3. Осы өтiнiштi қарай отырып, Конституциялық Кеңес, Кодекстің 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердiң басқа да категориялары бойынша аудандық (қалалық) сот шешiмдерiнің түпкiлiктiлiгi көзде тұтылатынын анықтады. Бұл нормалар да, сондай-ақ, Республика Конституциясы 13-бабының 2-тармағына, 14-бабының 1-тармағына, 39-бабының 3-тармағына, 75 және 76-баптарына, 83-баптың 1-тармағына қайшы келедi.

      Алайда, Конституциялық Кеңес оның өкiлеттiлiгi конституциялық iс жүргiзу кезiнде өтiнiш көлемiнен тыс шығып кетпеуге тиiс деп атап өтедi. Сондықтан, осы шешiмнің қаулы алу бөлiгiнде, органның (лауазымды тұлғаның) айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына жасалған шағым бойынша аудандық (қалалық) сот шығарған шешiмнiң түпкiлiктілігiне қатысты, тек Кодекстің 281-бабы бiрiншi бөлiгi 1-тармағы нормасының конституциялылығы туралы тұжырым баяндалып отыр.

      Сонымен бiрге, Кодекстiң 281-бабы бiрiншi тармағының 1) және 2) тармақшалары Республика Конституциясының 4-бабы 2-тармағының талаптарына орай қолданылмауға тиiс, өйткенi, оларға сәйкес, конституциялық нормалардың ең жоғары заңдық күшi бар және елiмiздің бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады. Мұндай жағдайларда Республика Конституциясы 13-бабының 2-тармағында, 14-бабының 1-тармағында, 39-бабының З-тармағында, 75 және 76-баптарында, 83-баптың 1-тармағында баянды етiлген ережелер тiкелей басшылыққа алыну керек.

      Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 31, 33, 37-баптарын, 39-бабының 2-тармағын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етедi:

      1. Қазақ КСР-інің Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексінің 281-бабы бiрiншi бөлiгi 3) тармақшасының нормасын, органның (лауазымды тұлғаның) айыппұл түрінде әкiмшілік жаза қолдану туралы қаулысына жасалған шағым бойынша аудандық (қалалық) сот шығарған шешiмнiң түпкiлiктiлiгi бөлiгiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясы 13-бабының 2-тармағына, 14-бабының 1-тармағына, 39-бабының 3-тармағына, 75 және 76-баптарына, 83-баптың 1-тармағына сәйкес емес деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының 2-тармағына сай, Қазақ КСР-інiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексi 281-бабының бiрiнші бөлiгі 3) тармақшасы нормасының, органның (лауазымды тұлғаның) айыппұл түрiнде әкiмшілiк жаза қолдану туралы қаулысына жасалған шағым бойынша аудандық (қалалық) сот шығарған шешiмнiң түпкiлiктiлiгі бөлiгiнде, заңдық күшi жойылады және қолданылуға жатпайды.

      3. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының 3-тармағына сәйкес, қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды ескеріп, түпкіліктi болып табылады. 4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.

      Қазақстан Республикасы

      Конституциялық Кеңесі

      Төрағасының міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады