Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының 2)-тармақшасын, 45-бабының 2-тармағын, 61-бабының 2-тармағын, 62-бабының 2-тармағын, 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын ресми түсiндiру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің қаулысы 2000 жылғы 3 шілде N 15/2.

      Ескерту. Қаулыға өзгеріс енгізілді – ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.04.2017 № 2 нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi Төрағасының мiндетiн атқарушы В.Д. Шопин, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi мемлекеттiк-құқықтық бөлiмi меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары Т.С. Донаковтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 44-бабының 2)-тармақшасын, 61-бабының 2-тармағын, 62-бабының 2-тармағын, 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

      Қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, баяндамашылар - Конституциялық Кеңес мүшелерi Қ.Ә. Омархановтың және В.Д. Шопинның баяндамаларын, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң сөзiн тыңдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады:

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 44-бабының 2)-тармақшасын, 61-бабының 2-тармағын, 62-бабының 2-тармағын, 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын осы нормаларда "заң" терминi қолданылатын бөлiгiн ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi.

      Өтiнiш субъектiсi көрсетiлген конституциялық нормаларды түсiндiру кезiнде, Z952529_ "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық заңның 13-бабының 1-тармағында, дәлiрек айтқанда, Парламент Қазақстан Республикасы заңдары нысанындағы заң актiлерiн, соның iшiнде конституциялық заңдарды да, қабылдайды делiнген болса, "заң" терминiнiң "конституциялық заң" түсiнiгiн бiлдiретiнiн не білдiрмейтiнiн анықтауды сұрайды.

      Конституциялық Кеңес отырысының барысында өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi Қазақстан Республикасы Президентiнiң U952737_ "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 21-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сай Конституцияның 45-бабы 2-тармағының өтiнiште қойылған сұрақ бөлiгінде ресми түсiндiрудi енгiзiп, өтiнiм көлемiн ұлғайту туралы өтiнiшiн мәлiмдедi.

      Осы өтiнiштi қарағанда Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 62-бабы 1-тармағына сәйкес Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. 62-баптың 2-тармағында заңдардың Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енетiнi белгiленген. Конституцияның осы нормасы заңдардың барлық түрлерiне де, оның iшiнде конституциялық заңдарға да қолданылады.

      Одан кейiн, көрсетiлген бапта Парламенттiң заңдарды қабылдау тәртiбi: Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен (3-тармақ); конституциялық заңдарға - әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен (4-тармақ); Қазақстан Республикасының заңдарына, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен (5-тармақ) енгiзiлетiнi белгiленген.

      Конституцияның K951000_ 62-бабының мазмұны "заң" терминiнiң Парламент қабылдайтын заң актiсiнiң нысаны ретiнде "конституциялық заң" ұғымын да бiлдiретiнiн дәлелдейдi, "Парламент және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Z952529_ Конституциялық заңның 13-бабының 1-тармағы да осыны растайды.

      Конституцияның 44-бабы 2) тармақшасында белгіленген Мемлекет Басшысының Парламент Сенаты ұсынған заңға қол қою не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшiн қайтару құқығы тең деңгейде конституциялық заңға да қолданылады. Егер "заң" терминi конституциялық заңдарды қамтымайтын болса, онда Республика Президентi Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға "вето" қою құқығынан айрылып қана қоймай, сонымен бiрге Конституцияның 72-бабы 1-тармағының

      2) тармақшасына сәйкес өзiне қол қоюға келiп түскен конституциялық заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн тексеру туралы өтiнiштi Конституциялық Кеңеске жолдау құқығынан да айрылатын болады, ал бұл Республика Президентiнiң билiктiң барлық тармақтарының тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы келiсiмдi түрде қызмет iстеуiн қамтамасыз ету конституциялық принципiне қайшы келедi.

      Конституцияның 61-бабының 2-тармағы Республика Президентiнiң заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгiлеу құқығын бекiтедi. Бұл жерде "заң" терминi жай заңдарды ғана емес, конституциялық заңдарды да қамтиды. Бұл ереженi заң қызметiнiң практикасы да дәлелдедi. Айталық, Мемлекет Басшысы жай заңдар мен конституциялық заңдардың басымдылығын белгiледi және жедел қаралады деп жариялады.

      Жоғарыда баяндалғанның негiзiнде Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 44-бабының 2)-тармақшасында, 61-бабының 2-тармағында, 62-бабының 2-тармағында, 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында "заң" санаты кең мағынада қолданылған, яғни айтқанда, өз мағынасында Республика заңдарын ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын да қамтиды деп есептейдi.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 72-бабы 1-тармағының

      4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнің U952737_ "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 37 және 41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының 2)-тармақшасын, 61-бабының 2-тармағын, 62-бабының 2-тармағын, 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын осы нормаларда "заң" терминi қолданылатын бөлiгiн ресми түсiндiру ретiнде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 44-бабының 2)-тармақшасында, 61-бабының 2-тармағында, 62-бабының 2-тармағында, 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында қолданылатын "заң" санаты өз мағынасында "конституциялық заң" ұғымын қамтиды.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.04.2017 № 2 нормативтік қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының 3-тармағына сәйкес, осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және түпкiлiктi болып табылады.

      3. Осы қаулы қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық ресми баспасөз

      басылымдарында жариялансын.

      Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесі
      Төрағасының міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады