"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы жөнiнде

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кенесінің қаулысы 2001 жылғы 22 қараша N 15/2.

      Ескерту. Қаулыға өзгеріс енгізілді – ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.04.2017 № 2 нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, мына өкiлдердің:

      өтiнiш субъектiсiнiң - Қазақстан Республикасы әдiлет Министрi И.И. Роговтың, әдiлет вице-Министрi А.Н. Котловтың;

      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының - депутат Б.Г. Жүсіповтің;

      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісiнің - депутат Т.М. Сисинбаевтың;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің - Қазақстан Республикасы қаржы вице-Министрi Н.А. Коржованың,

      қатысуымен өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің, Қазақстан Республикасының Парламентi 2001 жылғы 18 қазанда оның палаталарының бiрлескен отырысында қабылдаған, "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Z952529_ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясына сәйкестiгi жөнiндегi өтiнiшiн қарады.

      Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашылар Конституциялық Кеңестің мүшелерi Н.I. Өкеев пен В.Д. Шопиндi, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны

       анықтады:

      

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2001 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Конституциялық заңды Республика Конституциясына сәйкестiгi мәнiнде қарауды сұраған өтiнiшi келiп түстi.

      Премьер-Министрдiң өтiнiшiн қарап шығып, Конституциялық Кеңес, бұл Конституциялық заң мазмұндық және процессуалдық сипаттағы бiрқатар ережелерi бойынша Республика Конституциясына сәйкес емес деген ұйғарымға келдi.

      Мәселен, бұл заңдық кесiм қазiр қолданылып жүрген "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Z952529_ заңына бiрқатар толықтырулар енгiзiп, оларды күшіне енгiзу мемлекеттiк шығысты көбейтудi қажет етедi:

      - 25-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылған: "3. Парламент депутатының штаттағы көмекшiлерi және қоғамдық негiзде жұмыс iстейтiн көмекшiлерi болуы мүмкiн.";

      - 29-бап Республика Парламентiнің жанынан ғылыми-консультациялық кеңес пен баспа органы құрылуы мүмкiндiгiн белгiлейтiн 3-тармақпен толықтырылған;

      - 30-бап мынадай мазмұндағы 3-1-нормамен толықтырылған: "3-1. Сайлау округтерiнде депутаттық өкiлеттiктi жүзеге асыру үшiн iссапар кезеңiне жергiлiктi атқарушы орган депутатқа қызметтiк үй-жай және автомобиль көлiгiн бередi.".

      Бұл аталған нормаларды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қорытындысы бойынша, республикалық бюджеттің де, жергiлiктi бюджеттердiң де шығысын көбейтудi қажет етедi.

      Жоғарыда баяндалғанды ескерiп, Конституциялық Кеңес, бұл аталған толықтырулар Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 6-тармағының талаптарын бұза отырып қабылданған деп есептейдi.

      Конституциялық Кеңес сондай-ақ Парламент қабылдаған Заңда өзiнiң мазмұны жағынан Конституцияға қайшы келетiн нормаларды тауып отыр.

      Мәселен, қаралып отырған Заңның, Парламент депутатының штаттағы көмекшiлерi болуы мүмкiн деген нормасы (10-тармақтың 2) тармақшасы) Республика Конституциясының 44-бабы 9) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 9) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестің 2001 жылғы 12 қарашадағы N 14/2 S010014_ қаулысына қайшы келедi. Атап айтқанда, бұл қаулымен, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын тиiстi органдар қызметкерлерінің жұмысын ақшалай қамтамасыз етудің көлемi мен шарттары жөнiндегi түпкiлiктi шешiмдi, бұл органдардың жалпы штат санын анықтау, мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмдерiн және санаттарының тiзбелерiн белгiлеу негiзiнде, Республика Президентi қабылдайды деп түсiндiрiлген.

      Одан тыс, осы Заңның 2-бабында "8-баптың 3-тармағындағы "өздерiнің құзыретiне" деген сөздер, "осы тұлғалардың құзыретiне" деген сөздермен ауыстырылсын." деп көзделген. Бұл нормадан келiп шығатыны, мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының лауазымды тұлғалары, олардың сессияға қатысу қажеттiгi туралы Парламенттiң немесе оның Палаталарының шешiмi қабылданса, Парламентке келiп өздерiнің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қажеттi түсiнiктер беруге мiндеттi.

      Алайда, Конституцияның 3-бабының 4-тармағына сай Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас және де ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну принципiне сәйкес жүзеге асырылады. Бұдан келiп шығатыны, билiк тармақтарының әр бiрiне белгiлi бiр өкiлеттiк берiлген. Республика Конституциясы Парламенттің, оның Палаталары өкiлеттiгiнің толық тiзбесiн белгiлейдi және Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жолынан басқа, оларды кеңейтуге рұқсат бермейдi. Бұл норма "Парламенттің және оның Палаталарының өкiлеттiгiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57-баптарын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы 15 қазандағы N 17/2 S970017_ қаулысында баяндалған. Демек, өзiнiң конституциялық өкiлеттiгiнен келiп шығып, Парламент мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының лауазымды тұлғаларын оның (Парламенттің) құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ғана қажеттi түсiнiктер беруге мiндеттеуге хақылы.

      Қабылданған заң кесiмiнiң 8-тармағы арқылы қолданыстағы Конституциялық заңның 19-бабының 3-тармағы "Республика Президентi Парламент қабылдаған заңның Конституцияға сәйкестiгi туралы Конституциялық Кеңеске жүгiнетiн жағдайларды қоспағанда." деген сөздермен толықтырылды. Бұл ереже Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына кереғар, өйткенi оған сай Конституциялық Кеңес Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн тек Республика Президентiнiң өтiнiшi бойынша ғана емес, Сенат пен Мәжiлiс Төрағаларының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнің, Премьер-Министрдің өтiнiштерi бойынша да қарайды, ол да сондай-ақ заңға қол қою мерзiмiнің тоқтата тұрылуына әкеп соқтырады.

      Осылайша, қаралып отырған Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi және Конституцияның 74-бабының 1-тармағына сай оған қол қойылмайды және күшiне енгiзiлмейдi.

      Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық U952737_ заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi

      

       қаулы етедi:

      

      1. Республика Парламентi 2001 жылғы 18 қазанда қабылдаған, "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Z952529_ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Конституциялық заң конституциялық емес деп танылсын.

      2. Аталған Заңға, Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 1-тармағына сай, қол қойылмайды және ол күшiне енгiзiлмейдi.

      3. Қазақстан Республикасы K951000_ Конституциясының 74-бабы 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында

      

      көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.

      4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс

      тiлдерiнде жариялансын.

      Қазақстан Республикасы

      Конституциялық Кеңесiнiң

      Төрағасы

      Мамандар:

      Багарова Ж.А.,

      Жұманазарова А.Б.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады