Қазақстан Республикасы Конституциясының 71-бабы 3-тармағы екінші абзацының нормасын ресми түсіндіру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 3 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2022 жылғы 16 қарашадағы № 1 нормативтік қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Конституциялық Кеңесінің 16.11.2022 № 1 нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелері І.Ж.Бақтыбаев, Н.В.Белоруков, А.Н.Жайылғанова, В.А.Малиновский қатысқан құрамда, мыналардың:

      өтініш субъектісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Ғ.Темірболатовтың,

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.К.Еңсегеновтің,

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ә.Н.Аманбаевтың,

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың қатысуымен,

      өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 71-бабы 3-тармағы екінші абзацының нормасын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.

      Баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі І.Ж.Бақтыбаевтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерін тыңдап, сарапшылар - заң ғылымдарының докторы, Аблай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық құқық кафедрасының профессоры С.Т.Әлібековтің; филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Ж.С.Бейсенованың; заң ғылымдарының докторы, профессор, "Қазақстан Республикасының Заң шығару институты" мемлекеттік мекемесінің директоры Ж.Д.Бұсырмановтың қорытындыларымен және конституциялық іс жүргізудің өзге де материалдарымен танысып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

      анықтады:

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне 2011 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы О.Б.Мұхамеджановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 71-бабы 3-тармағы екінші абзацының нормасын ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті. Өтініш субъектісі, Қазақстан Республикасы Конституциясының 71-бабы 3-тармағы екінші абзацының талабын ескере отырып, Парламент Палаталары Төрағаларының әкімдерімен бұрынырақта Конституциялық Кеңестің мүшелері болып тағайындалған адамдарды Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері етіп тағайындау мүмкін бола ма деген сұраққа жауап беруді сұрайды.

      Негізгі Заңның көрсетілген нормасын түсіндірген кезде Конституциялық Кеңес, өтініште қойылған сұраққа қатысты, мынаны негізге алды.

      1. Республика Конституциясының 71-бабының нормаларымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құрамы; төрағасы мен мүшелерін тағайындау тәртібі және мандатының ұзақтығы; оларға қойылатын талаптар және қызметінің кепілдіктері белгіленген.

      Негізгі Заңның осы бабының 3-тармағы екінші абзацында Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады деп көзделген.

      Конституциялық Кеңестің мүшелерін алмастыру конституциялық бақылау органының қызметіндегі ауыспалылық пен сабақтастықтың оңтайлы үйлесімдігіне қол жеткізудің бір құралы болып табылады. Конституцияның 71-бабы 3-тармағы екінші абзацының талабын ескере отырып, Конституциялық Кеңес мүшелерінің мерзіммен тағайындалуын, бұл мемлекеттік органның құрамдары ауысуының қайталамалығы қажетті жағдайларда белгіленуі мүмкін деп түсінген жөн.

      Бұл мақсатта Конституцияның "Қорытынды және өтпелі ережелер" деп аталатын IX бөлімінің 97-бабына Конституциялық Кеңес құрамының жартысы үш жылға, екінші жартысы - алты жылға тағайындалатын рәсім енгізіліп, бірінші құрамды қалыптастыру кезінде ол жүзеге асырылды.

      Конституциялық Кеңес Конституциялық бақылау органы құрамының мерзіммен жаңартылуы туралы Негізгі Заң ережесінің маңыздылығы мен пәрменділігін растай келе, Республика Президентінің, Парламенті Палаталары мен олардың Төрағаларының мәртебесі және құзыреті туралы III және IV бөлімдердің ережелерін қоса отырып, оны ел Конституциясының өзге де нормаларымен жиынтығында қарастыру және түсіндіру қажет деп есептейді.

      2. Конституциялық Кеңес құрамының саны, мүшелерінің өкілеттік мерзімі, оларға қойылатын талаптар және қызметке тағайындау тәртібі Конституцияның 71-бабы 1, 3 және 4-тармақтарының нормаларымен регламенттелген. Бұл нормаларға 57-баптың 1) тармақшасының (Палаталардың әрбірі дербес іске асыратын Парламент Палаталарының өкілеттіктері туралы), 58-баптың 3-тармағы 7) тармақшасының (Парламент Палаталары Төрағаларының Конституциялық Кеңестің мүшесі қызметіне тағайындау үшін Палаталарға кандидатуралар ұсыну жөніндегі өкілеттіктері туралы) нормалары сәйкес келеді.

      Бұл ретте Мемлекет басшысының, Республика Парламенті Палаталарының және олардың Төрағаларының өкілеттіктері дискрециялық сипатқа ие. Нақты кандидатураларды қарастырған кезде тағайындайтын субъекттердің қалауы Конституцияда және "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптармен ғана шектелген.

      Бұрын Конституциялық Кеңестің мүшесі болған адамды осы қызметке тағайындауға Конституцияда тікелей тыйым болмағандықтан, 71-баптың 3-тармағы екінші абзацының нормасын осындай тыйым деп түсіну Мемлекет басшысының, Парламент Палаталары мен олардың Төрағаларының конституциялық бақылау органын құруға қатысатын тиісті конституциялық өкілеттіктеріне қайшы болар еді.

      Мемлекет басшысының және Парламент Палаталарының конституциялық өкілеттіктері шектелуіне жол берілмейтінін Конституциялық Кеңес бұдан бұрын өзінің бірқатар нормативтік қаулыларында ("Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына, 14-бабының 1-тармағына, 76-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы" 1999 жылғы 29 наурыздағы № 7/2; "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы жөнінде" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2001 жылғы 22 қарашадағы № 15/2 қаулысына Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылығы туралы" 2001 жылғы 30 қарашадағы № 15/3) атап өтті.

      Бұл көзқараспен Конституциялық Кеңестің отырысында өтініш субъектісінің өкілі де келісті, оның пікірінше, Парламент Мәжілісінің төрағасында қаралап отырған конституциялық норманы бұл қызметтен үміткер кімнің де болмасын құқығына қатысты емес, Конституциялық Кеңестің құрамына тағайындауға уәкілетті органның құқығына қатысты ресми түсіндіру қажеттігі пайда болды.

      3. Конституциялық Кеңес құрамының жаңартылып отыруы туралы норма, қызметтік өкілеттігінің мерзімі аяқталған Конституциялық Кеңестің мүшесі міндетті түрде басқа адаммен ауыстырылады деген үзілді-кесілді талап ретінде қарастырыла алмайды.

      Конституциялық Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері, оларды мерзімінен бұрын қызметінен босатуға негіздер болмаса, алты жылдық мерзім аяқталғанда тоқтатылады. Бұдан кейін аталған қызметке кандидатты ұсыну және тағайындау үшін негіз пайда болады, ол кандидат жаңадан келетін адам да, Конституциялық Кеңестің бұрынғы мүшесі де болуы мүмкін.

      Бұл құқықтық көзқарас "Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы 5-тармағын, 51-бабы 5-тармағын, 52-бабының 4 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру туралы" Конституциялық Кеңестің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 1 нормативтік қаулысына сай келеді, ол қаулыда Республика Парламентінің Сенатын құру тәртібіне қатысты "қайта сайлау" және "жаңартылу" сөздері тең мағыналы деп түсіндіріледі.

      Конституцияның 71-бабының 3-тармағында қолданылған "жаңарту" терминін бұлайша құқықтық пайымдау оны филолог мамандардың қалай түсінуіне де сәйкес келеді, олардың атап көрсетуінше "жаңарту" және "ауыстыру" сөздері өзінің мағынасы бойынша синоним болып табылмайды.

      Салыстырмалы-құқықтық талдау көрсеткендей, мемлекеттердің бірқатарын конституциялық бақылау органы мүшесінің мандатын бір мерзіммен шектеу туралы ереже қолданылатын практика бар. Алайда, мұндай шектеу осы елдердің конституцияларымен тікелей көзделген.

      Осылайша, Конституциялық Кеңес Құрамының әрбір үш жыл сайын жартылай жаңартылып отыруы туралы ереже міндетті түрде жаңа адамдар тағайындалатынын білдірмейді.

      Конституцияның 71-бабы 3-тармағымен көзделген, Конституциялық Кеңес құрамының жаңартылып отыруы дегенде, алдын Конституциялық Кеңестің мүшелері болмаған жаңа адамдарды да, бұрын осы қызметті атқарғандарды да тағайындау мүмкін деп түсінген жөн.

      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

      қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі құрамының жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отыратындығы туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 71-бабы 3-тармағының екінші абзацын былай деп түсіну керек.

      Конституциялық Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері, оларды мерзімінен бұрын қызметінен босатуға негіздер болмаса, алты жылдық мерзім аяқталғанда тоқтатылады.

      Конституциялық Кеңестің құрамын құруға қатысуға құқылы субъекттердің құқығы, тағайындалатын тұлғаның бұдан бұрын Конституциялық Кеңестің мүшесі қызметінде болуы фактісімен Конституцияда шектелмейді. Демек, Республика Конституциясының 71-бабында аталған субъекттердің актілерімен, солардың ішінде - Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары Төрағаларының өкімдерімен бұл қызметке бұдан бұрын тағайындалған адамдарға Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттіктерін қайта жүктеуге жол беріледі.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген ретті ескере отырып, түпкілікті болып табылады.

      3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

Қазақстан Республикасы


Конституциялық Кеңесінің


Төрағасы

И. Рогов


Об официальном толковании нормы абзаца второго пункта 3 статьи 71 Конституции Республики Казахстан

Нормативное постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 16 марта 2011 года № 3. Отменено нормативным постановлением Конституционного Совета Республики Казахстан от 16 ноября 2022 года № 1.

      Сноска. Отменено нормативным постановлением Конституционного Совета РК от 16.11.2022 № 1.

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе Председателя Рогова И.И., членов Совета Бахтыбаева И.Ж., Белорукова Н.В., Жаилгановой А.Н., Малиновского В.А. с участием:

      представителя субъекта обращения - депутата Мажилиса Парламента Республики Казахстан Темирбулатова С.Г.,

      представителя Сената Парламента Республики Казахстан - депутата Сената Парламента Республики Казахстан Енсегенова С.К.,

      представителя Правительства Республики Казахстан - вице-министра юстиции Республики Казахстан Аманбаева А.Н.,

      представителя Генеральной прокуратуры Республики Казахстан - заместителя Генерального Прокурора Республики Казахстан Даулбаева А.К.

      рассмотрел в открытом заседании обращение Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан об официальном толковании нормы абзаца второго пункта 3 статьи 71 Конституции Республики Казахстан.

      Заслушав сообщение докладчика - члена Конституционного Совета Бахтыбаева И.Ж., выступления участников заседания, ознакомившись с заключениями экспертов: доктора юридических наук, профессора кафедры международного права Казахского университета международных отношений и мировых языков имени Абылай хана Алибекова С.Т.; доктора филологических наук, профессора, заведующей кафедрой общего языкознания и переводческого дела Казахского гуманитарного юридического университета Бейсеновой Ж.С.; доктора юридических наук, профессора, директора государственного учреждения "Институт законодательства Республики Казахстан" Бусурманова Ж.Д. и другими материалами конституционного производства, Конституционный Совет Республики Казахстан установил:

      В Конституционный Совет Республики Казахстан 28 февраля 2011 года поступило обращение Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан Мухамеджанова У.Б. об официальном толковании нормы абзаца второго пункта 3 статьи 71 Конституции Республики Казахстан. Субъект обращения просит ответить, представляется ли возможным, с учетом требования абзаца второго пункта 3 статьи 71 Конституции Республики Казахстан, назначение членами Конституционного Совета Республики Казахстан лиц, ранее уже назначавшихся членами Конституционного Совета распоряжениями Председателей Палат Парламента.

      При толковании указанной нормы Основного Закона Конституционный Совет, применительно к поставленному в обращении вопросу, исходит из следующего.

      1. Нормами статьи 71 Конституции Республики определены состав Конституционного Совета Республики Казахстан; продолжительность мандата и порядок назначения председателя и членов; предъявляемые к ним требования и гарантии их деятельности.

      Абзацем вторым пункта 3 этой статьи Основного Закона предусмотрено, что половина членов Конституционного Совета обновляется каждые три года.

      Ротация членов Конституционного Совета выступает одним из средств достижения оптимального сочетания сменяемости и преемственности в деятельности органа конституционного контроля. Периодическое назначение членов Конституционного Совета с учетом требования абзаца второго пункта 3 статьи 71 Конституции следует понимать как возможность установления, в необходимых случаях, цикличности смены составов этого государственного органа.

      В этих целях в статье 97 раздела IX "Заключительные и переходные положения" Конституции была заложена и при формировании первого состава Конституционного Совета реализована процедура, при которой половина его состава была назначена на три года, а другая - на шесть лет.

      Подтверждая значимость и действенность положения Основного Закона, о периодическом обновлении состава органа конституционного контроля, Конституционный Совет считает необходимым рассматривать и толковать его в совокупности с другими нормами Конституции страны, включая положения разделов III и IV - о статусе и компетенции Президента Республики, Палат Парламента и их Председателей.

      2. Численный состав, срок полномочий членов Конституционного Совета, предъявляемые к ним требования и порядок назначения на должность регламентированы нормами пунктов 1, 3 и 4 статьи 71 Конституции. С ними корреспондируются нормы подпункта 1) статьи 57 (о полномочиях Палат Парламента, осуществляемых каждой из Палат самостоятельно), подпункта 7) пункта 3 статьи 58 (о полномочиях Председателей Палат Парламента по представлению Палатам кандидатур для назначения на должности членов Конституционного Совета).

      При этом полномочия Главы государства, Палат Парламента Республики и их Председателей носят дискреционный характер. При рассмотрении конкретных кандидатур усмотрение субъектов назначения ограничено лишь требованиями, установленными Конституцией и Конституционным законом Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года № 2737 "О Конституционном Совете Республики Казахстан".

      Поскольку в Конституции нет прямого запрета на назначение членом Конституционного Совета лица, ранее занимавшего данную должность, то понимание нормы абзаца второго пункта 3 статьи 71, как содержащей подобный запрет, вошло бы в противоречие с соответствующими конституционными полномочиями Главы государства, Палат Парламента и их Председателей на участие в формировании органа конституционного контроля.

      Недопустимость ограничения конституционных полномочий Главы государства и Палат Парламента ранее отмечена Конституционным Советом в ряде его нормативных постановлений (от 29 марта 1999 года № 7/2 "Об официальном толковании пункта 2 статьи 13, пункта 1 статьи 14, пункта 2 статьи 76 Конституции Республики Казахстан"; от 30 ноября 2001 года № 15/3 "О возражении Президента Республики Казахстан на постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 22 ноября 2001 № 15/2 "О Конституционном законе Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан "О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов").

      С данным подходом согласился в заседании Конституционного Совета и представитель субъекта обращения, по мнению которого, у Председателя Мажилиса Парламента возникла потребность в официальном толковании рассматриваемой конституционной нормы применительно к праву органа, уполномоченного производить назначение в состав Конституционного Совета, а не к праву кого-либо претендовать на эту должность.

      3. Норма об обновлении состава Конституционного Совета не может рассматриваться как императив об обязательной замене другим лицом члена Конституционного Совета, срок должностных полномочий которого истек.

      Полномочия членов Конституционного Совета, при отсутствии оснований для досрочного освобождения их от занимаемой должности, прекращаются по истечении шестилетнего срока. После этого возникает основание для представления и назначения на указанную должность кандидата, которым может быть как новое лицо, так и экс-член Конституционного Совета.

      Данная правовая позиция согласуется с нормативным постановлением Конституционного Совета от 11 февраля 2003 года № 1 "Об официальном толковании пункта 5 статьи 50, пункта 5 статьи 51, пунктов 4 и 5 статьи 52 Конституции Республики Казахстан", в котором применительно к порядку формирования Сената Парламента Республики слова "переизбрание" и "обновление" трактуются как равнозначные.

      Такая правовая интерпретация термина "обновление", примененного в пункте 3 статьи 71 "Конституции, соответствует и его пониманию специалистами-филологами, констатирующими, что по своему смыслу слова "обновление" и "замена" не являются синонимами.

      Как показывает сравнительно-правовой анализ, в ряде государств существует практика, при которой действует правило об ограничении мандата члена органа конституционного контроля одним сроком. Однако, подобное ограничение прямо предусмотрено конституциями этих стран.

      Таким образом, положение об обновлении состава Конституционного Совета наполовину каждые три года не означает обязательного назначения новых лиц.

      Под обновлением состава Конституционного Совета, предусмотренным пунктом 3 статьи 71 Конституции, следует понимать возможность назначения как новых лиц, ранее не являвшихся членами Конституционного Совета, так и тех, кто прежде уже занимал эту должность.

      На основании изложенного, руководствуясь подпунктом 4) пункта 1 статьи 72 Конституции Республики Казахстан, подпунктом 1) пункта 3 статьи 17, статьями 31-33, 37 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 41Конституционного закона Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года № 2737 "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет Республики Казахстан

      постановляет:

      1. Абзац второй пункта 3 статьи 71 Конституции Республики Казахстан об обновлении половины состава Конституционного Совета Республики Казахстан каждые три года надлежит понимать следующим образом.

      Полномочия членов Конституционного Совета, при отсутствии оснований для досрочного освобождения их от занимаемой должности, прекращаются по истечении шестилетнего срока.

      Конституцией не ограничивается право субъектов, правомочных участвовать в формировании состава Конституционного Совета, фактом предыдущего пребывания назначаемого лица в должности члена Конституционного Совета. Следовательно, повторное наделение полномочиями члена Конституционного Совета лиц, ранее уже назначавшихся на эту должность актами субъектов, перечисленных в статье 71 Конституции Республики, в том числе распоряжениями Председателей Палат Парламента Республики Казахстан, допустимо.

      2. Согласно пункту 3 статьи 74 Конституции Республики Казахстан постановление вступает в силу со дня его принятия, обжалованию не подлежит, является общеобязательным на всей территории Республики и окончательным с учетом случая, предусмотренного пунктом 4 статьи 73 Конституции Республики Казахстан.

      3. Опубликовать настоящее постановление на казахском и русском языках в официальных республиканских печатных изданиях.

Председатель


Конституционного Совета


Республики Казахстан

И. РОГОВ